Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНАН ТЫС ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет236/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   252

14. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНАН ТЫС ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ







Назар аударыңыз!

2018 жылы білім беру ұйымдарынан тыс уақытша білім алушылар үшін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жеке сабақтарының Үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұндағы) және білім беру ұйымдарынан тыс уақытша білім алушылар үшін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұндағы) әзірленді, «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 04.09.2018 № 441 бұйрығымен толықтырулар енгізілді (57-72 қосымшалар)


Осы бұйрыққа сәйкес 1-4-сыныптардағы қазақ және орыс тілдерінде білім беру ұйымдарынан тыс уақытша білім алушылар үшін ең жоғары оқу жүктемесінің көлемі: 1-сынып - 17 сағат; 2-сынып - 19 сағат; 3-сынып - 19 сағат; 4-сынып - 19 сағат.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарынан тыс жеке сабақтарға арналған жеке үлгілік оқу жоспарлары әзірленді, оған сәйкес бастауыш сыныптардағы ең жоғары оқу жүктемесі: 1-сынып – 5,5 сағат; 2-сынып - 5,5 сағат; 3-сынып - 7 сағат; 4-сынып - 7 сағатты құрайды.
Білім беру ұйымдарынан тыс оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін 5-9-сыныптардың уақытша білім алушылары үшін сыныптарға сәйкес: 5-сынып - 19 сағат; 6-сынып – 19 сағат; 7-сынып - 24 сағат; 8-сынып - 24 сағат; 9-сынып - 25 сағат. Білім беру ұйымдарынан тыс 5-9-сыныптарда жеке сабақтар үшін ең жоғарғы оқу жүктемесі: 5-сынып – 7,5 сағат; 6-сынып – 7,5 сағат; 7-сынып – 8,5 сағат; 8-сынып – 9 сағат; 9-сынып – 9,25 сағатты құрайды.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін білім беру ұйымдарынан тыс 10-11-сынып уақытша білім алушылары үшін ЖМБ/ҚГБ бойынша 10-сынып - 23 сағат және 11-сынып - 23 сағат.
10-11-сыныптардағы білім беру ұйымдарынан тыс жеке сабақтар үшін макималдық оқу жүктемесі 9 сағаттан.
Осы ҮОЖ-ға сәйкес оқу қорытындысы бойынша ұйымнан тыс білім алатын бітіруші колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге құқылы.
Білім беру ұйымынан тыс оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін:
1. мектептің ішкі актілерімен оқу процесін сүйемелдеу:
− жеке жұмыс оқу жоспары;
− жеке жұмыс оқу бағдарламалары;
− ұйымнан тыс сабақ кестесі;
− топтық/жеке оқу үлгерімі журналы.
2. мектеп директоры орынбасарының қатысуымен айына 1 рет білім алушылардың оқу жетістіктерін тыңдау және қол жеткізілген нәтижелер мен жіберілген олқылықтарын ескере отырып, олардың топтық/жеке оқыту бағдарламасын түзету.
3. білім алушылардың ұйымнан тыс білім беру ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету: мерзімді басылымдар, оқу жабдықтары, ЦБР.
4. қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады.

1. Оқу және түзету сабақтары денсаулық сақтау мекемелерінде емдеу курсынан өтіп жатқан және білім беру ұйымдарынан тыс білім алушылар үшін жалпы білім беретін, арнайы мектепке дейінгі және мектеп білім беру ұйымдарының бағдарламалары көлемінде екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады.


2. Сабақтар 1-11-сынып білім алушыларымен өткізіледі, оларға емдеуші дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық ұйымда 15 күннен астам емдеуден/оңалтудан өтуі тиіс.
3. Оқу сабақтары балалар стационарға түскен сәттен бастап және баланың денсаулық жағдайына байланысты басталады.
4. Барлық тәрбиеленушілер үшін сабақтың ұзақтығы - 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут (бірінші жартыжылдықта). Аурудың ауырлығына қарай ауру балалар болатын медициналық режимдердің әрқайсысына олармен жұмысты жоспарлау кезінде белгілі педагогикалық бағыттылық сәйкес келеді.
5. Сабақтың басталуы мен науқас балаларды оқытуды ұйымдастыру нысанын медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісі баланың денсаулық жағдайына байланысты емдеуші дәрігермен бірлесіп анықтайды, ол туралы стацианарлық науқастың медициналық картасына тиісті жазба жасайды.
6. Педагогикалық ұжым оқу-тәрбие жұмысын кесте бойынша, балалардың денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді ескере отырып және мекеме басшысының келісімі бойынша ұйымдастырады. Бір оқушыға күнделікті оқу жүктемесі 3-4,5 оқу сағатынан аспауы тиіс.
7. Оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық немесе жеке түрі белгіленеді.
8. Сыныптардың жиынтықтылығы бір сыныпта 4 және одан да көп бала санынан басталады. Бір сыныпта 3-ке дейінгі балалар болған жағдайда: 1-2-сыныптар, 3-4-сыныптар, 5-6-7-сыныптар, 8-9-сыныптар және 10-11-сыныптар бірігуі мүмкін.
9. Медициналық ұйымның психо-неврологиялық бөлімшелерінде бастапқы және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне және кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған түзету-дамыту оқытуы жүзеге асырылады. Егер әлеуметтік ортаға кірігу үшін бөлімшелерде жеке түзету-дамыту сабақтары жүргізілсе, кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін.
10. Оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептің жалпы білім берудің базалық компонентін 80%-ын сақтау, сондай-ақ қаржыландыру шеңберінен шықпай, емдеу мекемесінің ерекшелігін ескере отырып, оқу жоспарын 20% сағатқа дейін қайта бөлу көзделуге тиіс.
11. Үлгілік оқу бағдарламаларында көзделген сағаттар саны сараланған тәсілді ескере отырып алынуы және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес келуі тиіс. Пәндер арасында сағаттарды қайта бөлуге және мектепте жекелеген сабақтарға баруға жол беріледі.
12. Бөлімшелерде емдік дене шынықтыру (емдік дене шынықтыру) және музыкатотерапия сабақтары өткізілетін жағдайларда, мектепте музыка мен дене шынықтыру сабақтары жүргізілмейді.
13. Еңбекке және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық жағдайына қарай айқындалады және мынадай профильдердің: ағаш, тігін бағыты, шаштараз өнері, сәндік-қолданбалы өнер негізінде жүзеге асырылады.
14. Информатика және көркем еңбек, технология бойынша сағат саны артады. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын игеруге ерекше мұқтаж балалардың қажеттілігімен байланысты. Бейнелеу өнері пәні кеңірек, пластикалық массалармен, басқа да көркем жұмыстар түрлерімен жүргізіледі, өйткені бұл іс-әрекет қолдың ұсақ моторикасын дамытады, назарын бекітеді, балаларды шығармашылыққа үйретеді.
15. Қажет болған жағдайда психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (оңалту орталығының) белгіленген тәртіппен көмек көрсетіледі. Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін бөлінген сағаттар 1 сағатқа қысқарып, басқа оқу пән сағаттарын жүргізу үшін қайта бөлінуі мүмкін және сол бөлімдерде тіл мүкістігін түзетумен айналысатын клиникалық логопедия сабақтарымен толықтырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет