Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет122/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

7-9-сыныптарда «Физика» оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: Физикалық шамалар мен өлшеулер; Механика; Жылу физикасы; Электр және магнетизм; Геометриялық оптика; Кванттық физика элементтері; Астрономия негіздері; Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.


7-сыныпта «Физика» оқу пәнінде табиғат құбылыстарын қарастырады, физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада, күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. Физика мен оның заңдары барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады.
7-сыныптың кіріспе бөлімінде «атом», «материя» және «физикалық термин», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі» «Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)», «скаляр және векторлық шамалар» физиканы зерттеу үшін негіз болып табылады.
«Физика» пәнін оқыту бойынша тақырыптың оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:
- «7.1.1.7- күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету. Білім алушыларға күрделі емес есептер ұсыну және әртүрлі денелердің қозғалысының нақты мысалында меңгеру үшін «вектор» бастапқы ұғымын енгізу ұсынылады;

  • 7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;

  • 7.2.2.9денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.

Осы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін практикалық бөлігіне графикалық деректермен жұмыс істеудің әртүрлі нұсқалары берілген тапсырма карталарды енгізу ұсынылады.
7-сыныпта физиканы сапалы меңгеру 6-сыныпта математикадан, 7-сыныпта алгебра және геометриядан алған білімдеріне негізделетініне назар аудару қажет.
Физика және химия пәндерінде: атом, молекула, физикалық және химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі тәрізді көптеген ортақ ұғымдар зерттеледі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы қолдану қажет.
Физика мен биологияның өзара байланысы ретінде жалпы және ішінара пайымдау, табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының әсері туралы білім алушылардың биологиядан алған білімдерін кеңейтуіне көмектеседі. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.
Физика пәні сабақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.
Физика пәнінің негізі физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Сондықтан білім алушылар тәжірибелерді жасап қана қоймай, мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастыру, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтау және оның нәтижесін көре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар тізімі» білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.
7-сыныпқа «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу», «Жазық фигураның массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.
8-сыныпта үш бөлім яғни «Жылу физикасы», «Электр және магнетизм», «Геометриялық оптика» оқытылады.
Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны, негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рөлiн көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi көзқарас тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты туындайтын экологиялық проблемаларды түсiнуге бағытталатыны қарастырылады.
Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану. Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдын ала математика мұғалімдерімен бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.
«Физика» мен «Химия» ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отырады. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.
Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс алады.
Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея мен ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады.
Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген:

  • техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;

  • әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру;

  • жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

  • жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау;

  • Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру.

Білім алушылардың базалық білімдерін практикада бекіту зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады.
8-сыныптың зертханалық жұмысында №3 «Ауаның ылғалдылығын анықтау» зертханалық жұмысы алынып тасталып, оның орнына № 6 «Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу» зертханалық жұмысы екіге бөлініп, №5 «Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу» зертханалық жұмысы және №6 «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу» зертханалық жұмысы берілген. Барлығы 10 зертханалық жұмыс және 30 практикалық жұмыс қамтылған.
Физика пәнінің мұғалімдеріне ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын қалыптастыру; есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару; жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту; білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру ұсынылады. Ол үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет.
Зертханалық және практикалық жұмыстың қажетті көлемін орындау үшін ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) пайдалану ұсынылады.
Зертханалық және практикалық жұмыстарды әзірлеу кезінде эксперименттік деректер мен қортындыны жасауға басты назар аудару қажет.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (7-9-сыныптар)оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамаларды Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет