«География» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
7-сынып
|
3
|
2
|
3
|
3
|
8-сынып
|
3
|
2
|
3
|
3
|
7, 8-сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша «Химия» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Химия – заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым.
Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың құрылымын, химиялық энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға өту құбылыстарын зерттейді.
«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;
2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:
1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиядағы энергетика;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және өмір.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша жаңадан қосылған бөлімдер:
Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі;
Адам ағзасындағы химиялық заттар;
Геологиялық химиялық қосылыстар;
Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу.
7-сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға «Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбындазаттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге ескеретін жайт кесте, диаграмма, суреттер, графиктер түрінде берілген ақпаратты құруға көбірек көңіл бөлу керек, білім алушыларға физика мен математика сабақтарында қалыптасқан дағдыларды қолдана отырып, тәжірибе барысында температураны өлшеп және өздерінің бақылауларын жалпылап, сәйкес қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін құрастыруды ұсынуға болады.
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі химия пәні бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бөлімде қоректік заттар, адам ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро- макроэлементтердің биологиялық рөлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі ұғымдары берілген. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу мақсатында «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық жұмысы, «Тыныс алу үдерісін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе ұсынылған.
Бұл жаңа бөлімде өмірдегі маңызды биологиялық процестер химиялық тұрғыда қарастырылады. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім алушылар адам ағзасының химиялық құрамын біледі, адам ағзасына қажетті заттарды білетін болады. Мұнда сондай-ақ адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер беріп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға көңіл бөлу қажет.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген.
Бұл практикалық жұмысты жүргізе отырып білім алушылар тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды анықтайды және олардың адам ағзасының тіршілігі үшін маңыздылығын түсінеді. Бұл тақырып бағдарламаға білім алушыларға функционалдық білім бере отырып, алған теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, өмірге дайындау қағидасына сай енгізіліп отыр. Сондықтан дұрыс тамақтану-денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы екенін үйрету ұсынылады.
«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі де жаңадан енгізіліп отыр. Бұл жаңа бөлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды өндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.
«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімінде білім алушыларға «Жаратылыстану» және «География» пәндерімен байланыстыра отырып, Жер қыртысының химиялық құрамына, еліміздегі кен орындарының көптігіне көңіл бөліп, білім алушылардың елге, жерге деген сезімдерін ояту арқылыпатриоттық тәрбие беруді назарда ұстау қажет.
8-сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу» бөлімінде экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар әртүрлі отындардың потенциалы, қоршаған ортаға әсері, энергия өзгерісі кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан оқытылады, сонымен қатар жылыжай әсерінің пайда болу себептері мен оны шешу жолдары қарастырылады.
Жанатын бөліктің басты өнімі көміртек, ол көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Кейде көміртек қосылыстары шала жанған кезде өмірге қауіпті улы газ-иіс газы СО және күйе түзіледі. Мұндай жану өнімдері өте қауіпті екенін еске сақтауды ескеру қажет.
Термохимиялық теңдеулерді жазғанда заттардың агрегаттық күйлерін әріппен белгілеуге назар аудауу қажет, мысалы:
Н2(г) + Cl2 (г) =2HCl (г) +184 кДж
N2(г) + О2(г) = 2NO(г) -180 кДж
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламада химиялық тәжірибеге көбірек көңіл бөлінеді. Ол оқушыларда заттармен жұмыс жасай алатын арнайы пәндік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ заттармен тұрмыста және өндірісте қауіпсіз және экологиялық сауатты жұмыс жасауға үйретеді.
8-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе берілген. Оның ішінде жаңадан енгізілген зертханалық тәжірибелер:
№ 2 зертханалық тәжірибе «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы»;
№ 4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»;
№ 10 зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау».
№ 2 «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» зертханалық тәжірибесінде білім алушылар реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құрып, әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтай алады. Тәжірибеден соң мұғалім реакция теңдеуін дәптерге жазып, реакция түрін анықтауды ұсыну қажет.
№ 4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» «Химиялық реакциядағы энергиямен танысу» бөлімінде берілген. Бұл зертханалық тәжірибеде білім алушылар экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың жүру механизмімен танысып, әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін зерттейді. Жылу бөлінгенін байқау үшін сынауықты абайлап қолмен ұстап көрсету керек.
№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесінде судың «кермектігін» анықтайды және оны жою тәсілдерін түсіндіреді. Бұл тәжірибеде білім алушыларға қарапайым сабынның көмегімен судың кермектігін анықтауға мүмкін екенін дәлелдеуге болады. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету қажет. Мысалы, жуыну үшін, киім-кешектерді жуу үшін қандай суды пайдалану қажет, кәдімгі құбыр суында сабын жақсы еруі үшін не істеуге болады деген сұрақтарды қою керек.
Жаңартылған бағдарламада теориядан тәжірибеге бағытталған мақсаттар зертханалық және практикалық жұмыстардың көбейтілуімен айқындалады. 7-8- сыныптардағы практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелердің саны кестеде берілген.
7-8 сыныптардағы практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер мен көрсетілімдердің саны:
Жұмыс түрлері
|
7-сынып
|
8-сынып
|
Демонстрациялар
|
-
|
4
|
Зертханалық тәжірибе
|
11
|
10
|
Практикалық жұмыстар
|
4
|
8
|
Оқу жылы бойында химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:
Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді енгізу. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер. Оқушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Интербелсенді оқыту әдісі және химия сабақтарында білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру әдістері.
Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту. Химия пәніндегі мониторинг және бағалау жұмыстарына білім алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. Тиімді кері байланыс, өзара бақылау, өзін-өзі бағалау, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі химия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында қазіргі заманғы технологияларды және оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).
Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар Академияның сайтына орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |