Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет155/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

бастауыш мектеп – мектепте оқуға дайындықты анықтау, мектепке бейімделуді қамтамасыз ету, балалардың оқу әрекетіне қызығушылығын арттыру, танымдық және оқу мотивациясын дамыту, өз бетінше әрекет ету мен өз бетінше реттеуді дамыту, оқу ниетін және «оқу білігін» қалыптастыруды қолдау, жеке-дара ерекшеліктерін және әлеуметтік мүмкіндіктерін ескере отырып, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту;
негізгі мектеп – білім алушының негізгі мектепке ауысуын сүйемелдеу, оқытудың жаңа жағдайларына бейімдеу, тұлғалық және құндылықты-мағыналы өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуде қолдау көрсету, тұлғалық проблемалық және әлеуметтену мәселелерін шешуге көмектесу, өмірлік дағдыларын қалыптастыру, невроздың алдын алу, ата-аналарымен және құрбыластарымен конструктивті қарым-қатынас құруға көмектесу;
орта мектеп – кәсіби бағдар алуда және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауда оқушыға көмектесу, экзистенциалдық проблемаларды (өзін-өзі тану, өмір мәнін іздеу, жеке сәйкестікке қол жеткізу) шешуде қолдау көрсету, уақытша перспективаны, мақсатты тұжырымдау қабілеттерін дамыту, психоәлеуметтік құзыреттілікті дамыту.
Психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше шығармашылық ортаны құруды және балаларға таңдау жағдайын беруді қарастырады. Бұндай жағдайлар баладан тек білім, білікті қолдануды ғана емес, сондай-ақ рефлексиялау тәжірибесін, өздігінен шешім қабылдау, ерік пен мінездің көрінісін талап етеді. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы мен ұсыныстарының негізінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымындағы штаттық мамандармен (арнайы педагог, психолог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог, ЕДШ маманы және басқа) немесе білім беру ұйымынан тыс келісім-шарт негізінде оңалту орталығы, түзеу кабинеті мамандарымен, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарымен жүзеге асырылуы мүмкін
Көмек көрсету қызметі жұмысының негізгі бағыттары:
- мектепке келетін балалардың оқуға дайындығын, қолдауға мұқтаждығын анықтау мақсатында оларды кешенді зерделеу;
- физикалық, зияткерлік және эмоционалдық дамытуды қажет ететін, оқыту мен мектепке бейімделуде қиындықтары бар мектеп оқушыларын уақтылы анықтау, қажет болған жағдайда оларды ПМПК-ға консультацияға жіберу;
- ПМПК қорытындысы бар оқушылардың танымдық әрекеті деңгейін және ерекшеліктерін (сөйлеу тілін, жадын, зейінін, жұмыс қабілетін және басқа да психикалық функцияларын) анықтау, білім алуда табыстылықты қамтамасыз ететін профилактикалық, коррекциялық психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік іс-шараларды анықтау үшін олардың эмоционалдық-ерік және тұлғалық дамуын зерделеу;
- психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, жеке, шағын топтық, топтық түзету-дамыту жұмысын жүргізу;
-психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру;
- жалпы білім беретін, сонымен қатар арнайы сынып жағдайында да оқушыларға жеке және дифференциалды тәсілді қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге арналған ұсынымдар әзірлеу;
-физикалық, зияткерлік және эмоционалдық шамадан тыс жүктемелер мен олқылықтардың алдын алу, емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
- консультативтік және ағартушылық қызмет.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға көмек көрсету (қолдау) бағдарламасын іске асыратын орталық фигура мұғалім болып табылады. Педагогтің балаға, оның оқу әрекетінің нәтижесіне қарым-қатынасының, педагогтің оқыту процесін жекелендіру білігінің, мамандардың (психологтың, логопедтің, дефектологтың) ұсынымдарын ұстана алатындығының, баланың өзіне сенімін қалыптастыратындығының маңызы зор. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыны сөзсіз қабылдау, өзгерістерге, кәсіби ізденіске ұмтылу, мамандардың командасында жұмыс істеуге дайын болу, педагогикалық оптимизм мұғалімнің қажетті кәсіби қасиеттері болып табылады.
Баланың даму ерекшеліктеріне, оның мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар оқушыны қолдау бағыттылығы, қарқындылығы және ұзақтығы айқындалады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыға оның қажеттіліктеріне барабар қолдау түрін ұсынуға тиіс. Бұл қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізде қолдау көрсету болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет