Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет156/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Қысқа мерзімді қолдау оқытуда елеусіз және уақытша қиындықтары бар, логопедпен, психологпен ұзақ емес (жарты жылға дейін) коррекциялық сабақтар циклын талап ететін оқушыларға көрсетіледі. Бұл ретте оқушы кәдімгі сыныпта құрбыластарымен жалпы білім беретін бағдарлама бойынша оқиды және аптасына бірнеше рет мамандармен жеке немесе топтық сабақтарға қатысады, оларда оқушының жеке даму ерекшеліктерін дамыту және орнын толтыру бойынша жұмыс жүргізіледі (сөйлеу тілін дамыту, эмоционалдық-тұлғалық жетілу қажеттілігі).
Орта мерзімді қолдау оқытуда даму ерекшеліктеріне байланысты тұрақты қиындықтары бар және арнайы дайындалған педагогтер мен мамандардың қарқынды қолдауын қажет ететін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі осындай білім алушылар үшін бастапқы білім беру деңгейінде арнайы сынып жағдайында саралап оқыту ұйымдастырылады. Оқушыларды қолдаудағы негізгі міндет МЖББС оқу бағдарламаларын оқыту және мазмұнын меңгеру қиындықтарына әкеп соғатын себептерді барынша жеңу болып табылады. Оқыту процесінде педагогикалық диагностика жүзеге асырылады, ол оқушыларға, олардың даму деңгейіне, әлеуетті мүмкіндіктеріне және оқытудың алдыңғы кезеңдерінде қол жеткізілген оқу жетістіктеріне қойылатын талаптардың сәйкестігін қадағалауға бағытталған. Дамудың оң динамикасы және оқу бағдарламасын табысты меңгерген кезде арнайы сыныптардың оқушылары кез келген оқыту сатысында ПМПК шешімі бойынша, оқушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен қарапайым сыныпқа ауыстырылуы мүмкін.
Оқушыларды дамыту проблемаларын бастапқы сатыда жеңу мүмкін болмаған жағдайда, оларды арнайы сыныптар жағдайында және келесі оқыту сатыларында оқытуды жалғастыруға болады. Бұл жағдайда оқушыларды ұзақ мерзімді қолдау іске асырылады.
Мектеп оқушылары негізгі орта және жалпы орта білім алу сатысында пәндер бойынша стандартты оқу бағдарламаларын оқушылардың білімді меңгеру ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу жүзеге асырылады, бұл ретте Қазақстан Республикасының МЖБББС сәйкес келетін негізгі мазмұн сақталады. Мектеп оқушыларының арнайы сынып жағдайында негізгі білім алу мерзімі 1 жылға ұзартылады. Оқыту мамандармен (психологпен, дефектологпен, логопедпен) коррекциялық-дамыту сабақтарын көздейтін, арнайы оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Оқушыларды бағалау оқу процесінде іске асырылатын бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылады.
Интеллекті бұзылған оқушылардың мектепте білім алған барлық кезеңінде оқыту оқу жоспарлары, бағдарламалары және мазмұны Қазақстан Республикасының МЖБББС талаптарын орындауға бағдарланбаған оқулықтар бойынша, арнайы көрнекі-дидактикалық құралдар мен оқыту әдістерін пайдаланып жүзеге асырылады.
Арнайы сынып оқушыларының барлық сыныптан тыс және оқудан тыс әрекеті (үйірмелік, факультативтік, тәрбиелік) кәдімгі сынып оқушыларымен бірге жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.
Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті толығымен түзету пәндері бойынша жүргізілетін сабақтарға бөлінеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған элективтік курстар, мектеп компонентінің курстары өткізілмейді.
Есту, көру, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар, психикалық даму тежелуі бар білім алушыларға арналған арнайы сынып бітірушілері алған білім беру деңгейін растайтын, мемлекеттік үлгідегі аттестаттар алады. Жеңіл және қалыпты ақыл-ой кемістігі бар мектеп бітірушілер аталған санаттағы білім алушылар үшін белгіленген үлгідегі аттестаттарды алады (Қазақстан Республикасы БҒМ-нің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы, № 5 қосымша).
Мигрант, оралман балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады.
Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.
Осылайша, инклюзивті білім беру жағдайында қазіргі заманғы педагог қызметінің маңызды ерекшелігі кәсіби әрекеттердің көпвекторлығы мен әртүрлі нұсқалылығы болып табылады. Әр мұғалім білім алушының білім беру маршрутын ұйымдастыра отырып, көптеген полифункционалдық педагогикалық міндеттерді шешеді. Олардың бастысы табыс жағдайын қалыптастыра отырып, әр баланы әртүрлі әрекет түрлеріне қосу болып табылады. Бұл мұғалімнен әр баланың ерекшеліктерін білуді, күшті жақтарын және оның білім беру қажеттіліктерін іске асыру үшін мүмкіндіктерін таба білуді талап етеді.
Әрбір педагогикалық ұжым инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асырудың күн сайынғы практикасы өзара іс-қимыл жасасу мәдениетін біртіндеп қалыптастырып, кәдімгі жүріс-тұрыс сызбасы ретінде қалыптастыруға тырысу керек.
Осы мақсатта курстарды, семинарларды, тәжірибемен алмасуды, сондай-ақ өз бетінше білім алуды қоса алғанда, біліктілікті және кәсіби шеберлікті арттырудың барлық ықтимал жолдарын пайдалану ұсынылады. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА (nao.kz) әзірлеген әдістемелік құралдар жалпы білім беретін мектептер басшыларының, мұғалімдерінің, білім беру бөлімдері мен басқармалары әдіскерлерінің, мамандарының білімдері мен құзыреттерін кеңейтуге арналған. Төменде оқушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды оқыту стратегиясын құруда мұғалімдерге арналған ұсынымдар келтіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет