Интеллекті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері Интеллекті бұзылған балалар санатына бас миы қабатының диффуздық органикалық зақымдануы салдарынан танымдық әрекеті және эмоционалдық-ерік саласы тұрақты бұзылған балалар жатады. Бұзылудың айқындылық дәрежесі зақымдану ауырлығына, оның басым шоғырлануына, сондай-ақ пайда болу уақытына байланысты болады. Ақыл-ой кемістігінің жеңіл формалары кезінде физикалық жағдайындағы елеулі өзгерістер байқалмауы да мүмкін. Физикалық жағдайындағы өзгерістер туа біткен аурулар, әсіресе хромосомдық жиынтық бұзылуларымен байланысты аурулар (мысалы, Дауна ауруы, сондай-ақ зат алмасудың бұзылуына байланысты олигофренияның тұқым қуалайтын формалары) кезінде байқалмауы мүмкін. Физикалық жетілмеу белгілері мидың едәуір ауыр бұзылулары кезінде жиі кездеседі.
Интеллекті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі түпкі мақсат – бұл әлеуметтік бейімделу және кәсіби-еңбек дайындығы.
Қарастырылып отырған санаттағы мектеп оқушылары:
– түсінуге қолжетімді және әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға және кәсіп алуға бағдарланған оқу материалын іріктеуге (МЖББС талаптарын орындауды болжамайтын);
– дәстүрлі білім беруде қолданылмайтын, оқытудың спецификалық құралдары мен әдістеріне;
– қорғаушылық педагогикалық режимді қамтамасыз етуге (мөлшерленген оқу және физикалық жүктемеге, жұмыс қабілеттілігінің жеке ерекшеліктеріне сәйкес еңбек пен демалысты кезек пайдалануға, психологиялық жайлылық атмосферасына және т.б.);
– таңдап алынған оқыту бағдарламасының нақты жетістіктерге, баланың даму деңгейіне сәйкестігін үнемі бақылауға;
–психологиялық-педагогикалық жәрдем беретін мамандарының (логопед, психолог, ЛФК мамандары және т.б.) жеке көмегіне мұқтаж;
– ақыл-ойы кем баланың айналасындағы ересектер баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін іске асыруға дайын болуы және оған нақты, оның ішінде білім беру кеңістігінен тыс жерде қатысуы тиіс.
Ақыл-ойында кемістігі бар оқушыны кәдімгі сыныпқа қосқан кезде мектептің педагогикалық кеңесі ақыл-ой кемістігі (жеңіл және қалыпты) бар білім алушыларға арналған үлгі оқу жоспары мен бағдарламаларының негізінде осындай оқушы үшін жеке оқу жоспарын және жеке оқу бағдарламаларын бекітеді.
Оқушының жұмыс қабілеттілігі мен зияткерлік мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу тапсырмасының көлемі мен күрделілігін мөлшерлеу; оқу материалын түсіну үшін жағдайлар жасайтын, пәндік-практикалық әрекетті пайдалану қажет.
Интеллекті бұзылған балаларды оқыту процесі ұйымдастырушылық нысандар тұрғысынан қатаң регламенттеуді көздемейді.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың негізгі әрекет түрлері: тірі және жансыз табиғат пен әлеуметтік өмір құбылыстарын бақылау; пәндік-практикалық әрекет; ойын іс-әрекеттері және ойын әрекеті; білім алушылардың шаруашылық-еңбек әрекеті; әлеуметтік-тұрмыстық әрекет; білім алушылармен және жақын айналасындағы ересектермен (микросоциум) коммуникация; оқу әрекеті (білім алушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес) болуы тиіс.
https://nao.kz/loader/fromorg/2/26