Өзіндік ерекшеліктері бар, дамытуда, тәрбиелеу мен оқытуда жеке арнайы тәсілді талап ететін балалар:
– солақайлар.
Солақай балалар жазу, оқу және есептеу дағдыларын қалыптастыру кезінде қиындықтармен өте жиі кездеседі. Көру арқылы қабылдау осы біліктерді меңгерудің негізі болып табылады. Солақайларда жиі кездесетін, көру-кеңістіктік қабылдаудың, көру жадының және көру-моторлық үйлестірудің бұзылуы немесе жеткіліксіз дамуы мынадай қиындықтардың туындауына әкеп соғады:
- оқу кезінде күрделі әріп конфигурацияларын қабылдау мен есте сақтау және тиісінше баяу қарқын;
- әріптердің, цифрлардың көзбен көру бейнесін қалыптастыру (элементтердің ара-қатысының бұзылуы, бала конфигурациясы ұқсас әріптерді, цифрларды шатастырады, артық элементтер жазады немесе әріптердің, цифрлардың элементтерін толық жазбайды);
- геометриялық фигураларды бөліп қарау және ажырату, формасына қарай ұқсас фигураларды алмастыру (дөңгелек-сопақ, шарты-ромб-төртбұрыш);
- көшіру;
- тұрақсыз қолтаңба (түзу емес штрихтар, үлкен, созылған, әртүрлі көлбеу әріптер);
- әріптерді, цифрларды, графикалық элементтерді керісінше жазу;
- өте баяу жазу қарқыны.
|
Солақайға өз жұмыс орнын ұйымдастыруға көмектесу, жазған кезде дәптерді көлбеу ұстау, иықтардың қалыпты жағдайын көрсету, қаламды қолға дұрыс ұстау, жарықтың оң жақтан түсуін қадағалау қажет.
Солақайдан оңға қарай көлбеу жазуды талап ету ұсынылмайды, олар үшін едәуір мақсатқа сай болатыны ‒ тура жазу.
Одан үзбей жазуды талап етуге қатаң тыйым салынады.
Кез келген қозғалыс әрекеттерін қадамдап түсіндіріп, элементтерге бөліп қарау керек, әрбір элемент саналы орындалуы тиіс.
Арнайы жаттығулар орындау, баламен көру арқылы қабылдауды және көру-моторлық үйлестіруді дамытатын ойындар ойнау ұсынылады.
Олардың ұлы/қызының ерекшеліктерінің себептері мен салдарын түсіндіріп, баланың бойындағы объективті қиындықтарды жеңуге қалай көмектесу және баланың психикалық және физикалық денсаулығын қалай сақтау керектігіне кеңес беріп, солақай баланың ата-аналарымен жұмыс жүргізу қажет.
Балаларға әр адамның жеке ерекшеліктерін құрметтеуге, көпшілікке тән емес қасиеттердің көрінуіне қатысты төзімділікке үйрету үшін сыныпта осынадай баланың ерекшеліктерін пайдалану ұсынылады.
|
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Жетім балалардың мектепте оқу қиындығы және кейіннен қазіргі қоғамда әлеуметтене алмауы жетімдіктің спецификалық әлеуметтік тәжірибесіне байланысты, оған:
- құштарлық жарақаты мен негізгі қажеттіліктерді депривациялау тәжірибесі;
- бейәлеуметтік ортадағы, дисфункционалды отбасындағы өмір тәжірибесі;
- жетім балаларға арналған мекемелер жағдайындағы әлеуметтендірудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кіреді.
Жетім балаларды зияткерлік дамыту:
- психикалық дамуының тежелуімен және танымдық белсенділігінің төмендеуімен, бұл баланың интеллектін ерте жасында дамыту үшін қажетті, жеткілікті дәрежеде бай ынталандыру ортасының болмауымен, сондай-ақ баланың ұзақ уақыт бойы аман қалу міндеттерін шешуге талпынғанымен түсіндіріледі;
- негізгі ойлау операцияларының қалыптастпауымен (салыстыру, жіктеу, елеулі белгілерін атап көрсету және т.б.);
- жалпы білім беру біліктерінің қалыптастпауымен (оқу міндетін, шешу алгоритмін түсіну, шартын оқу білігі, дұрыс қорытынды шығару, нәтижесін түсіндіру);
- қоршаған әлем туралы жеткіліксіз білімімен, негізгі біліміндегі, білігіндегі және дағдыларындағы олқылықтармен, ішкі іс-әрекеттер жоспарында өзінің жүріс-тұрысының ойша моделін құрастыра білмеуімен сипатталады.
Баланың эмоционалдық-ерік саласының даму қиындықтары:
- ересек адамның теріс қабылдауында, баланың ата-аналық міндеттерін атқара алмаған ата-анасымен өзіндік қолайсыз қарым-қатынастарын басынан өткеруі салдарынан қалыптасқан, кез келген ересек адамның фигурасында;
- мектепте оқудағы кемшіліктеріне, мектептегі үлгерімнің талаптарына сәйкес келудің мүмкін еместігіне жауап ретінде оқу мен тәрбиеге қарсылықта;
- оқуға деген жағымды мотивацияның болмауынада;
- мінез-құлықты ерікті реттеу, мақсатты тұжырымдау, дағдыларының болмауында, мінез-құлықтың өнімді модельдерінің болмауында байқалады.
|
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ерекшеліктері көп жағдайларда мыналармен:
- негізгі зияткерлік және оқу дағдыларын дамыту бойынша жүйелі коррекциялық жұмыспен;
- балаға ілгерілететін талаптар жүйесін белгілеумен, бұл баланың қабылдап алған отбасына бейімделуінің бастапқы сатыларында сабақ үлгеріміне жеңілдетілген талаптарды, сондай-ақ баланың оқудағы жетістіктерін мазмұнды бағалау принципі бойынша және оның өзіндік жетістіктеріне қатысты бағалауды болжайды;
- жеке оқу маршруттары шеңберінде меңгеру үшін негізгі пәндерді бөліп қарастырумен, ол баланың күш-жігерін бірнеше негізгі пәнді меңгеруге және баланың отбасында және мектепке бейімделуінің бастапқы сатысында қалғандарының рөлін азайтуға шоғырландыруды болжайды;
- әлем туралы түсінігіндегі бос кеңістікті толтыруға мүмкіндік беретін, баланың асырап алған ата-анасымен қарқынды қарым-қатынасымен өтеледі.
Баланың эмоционалдық-ерік саласын дамыту қиындықтары мыналармен:
- мектепте «мұғалім-оқушы» жүйесінде формальды және рөлдік емес өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру жолымен, мұнда екі тарап та ортақ оқиғалар жүйесіне қосылған және басты назар тұрақты қабылдау қарым-қатынасын құруға жасалады. Дәл осы қарым-қатынастар тәрбиенің басты тетігі ретінде әрекет етеді (жетім балалар жағымсыз мектеп тәжірибесінің салдарынан дәстүрлі тәрбиелік директиваларды сезінбейді);
- оқытудың дәстүрлі емес формаларын пайдаланумен: әртүрлі жастағы балалар топтарында оқыту, онда делдалдықтың тиімді тетіктері іске асырылады; ересек балалардың кішілерді оқытуға қатысуы, өзара оқыту формалары, балалардың оқу процесін өз бетінше ұйымдастыруы;
- балаға ынтымақтастық, ұжымдағы нәтижелі өзара іс-қимыл жасасу тәжірибесін меңгеруге, мақұлдау және тану тәжірибесін жинауға мүмкіндік беретін сюжеттік рөлдік ойындардың әртүрлі түрлерін пайдаланумен;
- баланың қызығушылығына сүйену жағдайында, бір әрекеттегі табысқа жету тәжірибесін басқа әрекет салаларына ауыстыруға болатын жағдайда өтіледі.
|
Мұғалім қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүргізу үшін тапсырмаларды, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өз бетінше құрастырады.
Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке қиындықтарын ескере отырып, оқу жетістіктерін қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды бейімдеу:
1) грамматикалық және семантикалық ресімдеу бойынша тұжырымдамаларды оңайлатуды;
2) көп буынды нұсқаулықты тапсырманы орындау кезеңдеріне бөлетін (қадамдылық) қысқа мағыналы бірліктерге бөлу арқылы оны оңайлатуды;
3) тапсырмаға жазбаша нұсқаулықты, қажет болған жағдайда мұғалім нақты мағыналық акцентпен, баяу қарқында, дауыстап оқып бере алады;
4) білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырма мәтінінің ресімделуін бейімдеуді: өте ірі қаріп, бір тапсырманы екіншісінен дәл бөлу;
5) қажет болған жағдайда: ынталандырушылық (мақұлдау, эмоционалдық қолдау), ұйымдастырушылық (назар аударту, жұмысты орындауға назарын аударту, өзін-өзі тексеру қажеттігі туралы ескерту), бағыттаушылық (қайталау және тапсырмаға нұсқаулықты түсіндіру) дифференциалды көмек көрсетуді;
6) тапсырмаларды орындауға уақытты арттыруды;
7) білім алушының іс-әрекетінде шаршау, әлсіреу көріністері күшейген кезде қысқа үзіліс (10-15 мин) ұйымдастыру қажет.
Педагог білім алушыларды эмоционалдық күйзеліске әкеп соғатын, жағымсыз реакциялар жасалмауы тиіс.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және жүргізу кезінде мұғалімге оқыту процесінде күшті және осал жақтарын өздігінен талдауға ықпал ететін, өзін-өзі бағалау дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аудару керек, бұл білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен ойын дамыту мен түзетудің қажетті компоненті болып табылады.
Өзара бағалау салыстыру, дәлелдеу, коммуникация, дәлелдемелер іздеу және сыни ойлау дағдыларын алуға ықпал етеді, бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру міндеттерін шешу үшін қажет болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалімге жеке жұмыс барысында білім алушының әрекетін жүйелі бағалау және аралық нәтижелерді тіркеп отыру қажет, олар білімді меңгеру процесінің қиындықтары, білімдегі олқылықтар туралы ақпарат береді.
Жұппен және топтық жұмыста қалыптастырушы бағалау ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға коммуникативті, бір-бірімен өзара іс-қимыл жасаса білу, пікір алмасу және конструктивті кері байланыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімге белгілі тапсырмалар (тақырыптар, бөлімдер) қиындық тудыратын білім алушыларды анықтауға, жеке және топтық коррекциялық сабақтарда білімдегі олқылықтарды жою бойынша жұмыс мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |