Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарын ұйымдастыру туралы ұсынымдар.
Сабақтан тыс бос уақыттарды ұйымдастырудың басты мақсаты –оқушының әлеуметтік, моральді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған білім алушылардың пайдалы бос уақытын қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру. Сабақтан тыс бос уақытты ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
– қосымша білім беруде оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын барынша қанағаттандыру;
– балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау, мектептегі өзін-өзі басқаруды жетілдіру;
– білім алушылардың бос уақыттарын барынша қамту есебінен жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстарды тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
– «отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту;
– салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Бос уақытты қамтуды ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
– зияткерлік;
– патриоттық және азаматтық-құқықтық;
– рухани-адамгершілік;
– көркем-эстетикалық;
– экологиялық, экономикалық;
– спорттық-сауықтыру;
– көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және мәдени-танымдық);
– ұлттық тәрбие;
– білім алушылардың кәсіби бағдары;
– ақпараттық мәдениет.
Сабақтан тыс уақыт оқушылардың денсаулығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өздігінен білім алуға және дамуға уақытын көбірек бөлуге бағытталуы қажет және балалардың қызығушылықтарын ескеріп, сондай-ақ оларды ұжымдық және жеке тақырыптық ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жобаларды іске асыруға араластыру арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы қажет. Сабақтан тыс уақыт түрлерінің, формаларының және балалардың жалпы мәдени, көркемдік, әлеуметтік, тұрмыстық, кәсіби және басқа да қызығушылықтары негізінде бағыттарының түрлі болуымен, оған педагогтер мен ата-аналардың мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады. Жұмыстың формалары білім алушының сабақтан тыс қызметімен шектелмеуі қажет (музыка, аспаздық, спорт, фестивальдар, олимпиадалар, «Алло, біз таланттарды іздейміз» байқаулары, жарыстар, КТК, қашықтықтан өткізілетін бағдарламалар, театрларға, мұражайларға, кинотеатрларға, дәрістерге бару, «Бәрін білгім келеді» балалар журналдарын әзірлеу және басып шығару және т.б.).
Мектепте білім алушыларға арналған келесі іс-шаралар өткізілуі мүмкін: факультативтер, дайындық курстары, пәндік олимпиадалар, танымдық, байқау-көңіл көтеру бағдарламалары, экскурсиялар, мәдениет ұйымдары мен мектептен тыс жұмыс орталықтарына бару, тақырыптық би кештері, спорттық жарыстар, бейін бойынша іс-шаралар, қызығушылықтары бойынша мектеп студияларының, клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер:
– журналист, жас репортер немесе редактор ретінде жазбаша және ауызша жанрда өз білімдерін сынап көреді;
– психология, бұл балалардың өздерін дұрыс түсінуге, қоршаған ортамен араласуды, өз қабілеттерін дамытуды және кемшіліктерін жеңуді үйретеді;
– тарихи-археологиялық теорияны мұражайларға барумен, жорықтарда жергілікті жерлерді зерттеумен үйлестіреді;
– техникалық шығармашылық, пайдаланушының компьютерді, компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы қолданудың бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;
– үштілділік жағдайындағы шет тілдері;
– қисынды ойлауды, ден қоюды, өз бетінше әрекет етуді және т.б. дамытуға арналған шахматтық үйірмелер.
Бұл өз кезегінде қызмет түрін ауыстыруды қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ стилін, араласу ортасын, қоршаған жағдайды өзгертуді қамтамасыз етеді. Сабақтан тыс уақытты өткізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады.
Мұғалімдерге арналған іс-шаралар: кәсіби байқаулар, сынып жетекшілерінің шығармашылық есеп берулері, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің презентациялары мен есептері, тренингтер, қолдан жасалған көркем бұйымдардың байқаулары, мектептің психологиялық қызметінің кеңестері, мектеп жобалары.
Ата-аналарға арналған іс-шаралар: ата-аналардың құқықтық жаппай оқуы, мектептің психологиялық қызметінің кеңесі, спорттық жарыстар, психолог және пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар, дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу.
Сабақтан тыс бос уақытты ұйымдастыру барысында педагогтер білім алушылармен бос уақытты өткізу және дамыту қызметтері үшін қаланың, ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің пән мұғалімдерімен және мектептегі өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, әр тоқсан сайын тәрбие жұмысы мен мектептен тыс бос уақыттағы қосымша білімнің жоспарын әзірлеу ұсынылады. Барлық іс-шаралар педагог-ұйымдастырушы немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп-кету журналының есебінде тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Сабақтан тыс бос уақыттағы жұмыстың қорытындысы директордың немесе директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет.
Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім беру ресурстарын қолдану біртұтас білім беру кеңістігі аясында білім алушылардың әлемді тұтас қабылдауын қалыптастыруға, тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |