Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет178/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Екінші (Орыс тілі Я2), үшінші тілдерді (Ағылшын тілі) оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізуді жалғастыру болып табылады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 4-сыныпта «Орыс тілі (Я2)» пәні аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Орыс тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаты сөйлеу этикетінің ережелеріне және қарым-қатынас жағдайына бағытталған сөйлеу әрекеттеріндегі тілдік бірліктерді пайдалану нормаларына сәйкес тыңдалым, сөйлеу, оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту орыс тілінде емес сыныптың білім алушылары орыс тілін екінші тіл ретінде деңгейлік оқытуға сәйкес А2 бастапқы деңгейде меңгереді.
«Орыс тілі» пәнінен тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: тыңдалған мәтіннен қойылған мақсатқа сәйкес ақпаратты табу; диалог құру, сұхбаттасының көзқарасын, пікірін қабылдау; тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қойып, жауап беру; білім алушыларға қызықты және таныс тақырыптарға пікір құру; өз алған әсерлері, суреттер, оқылған мәтінге ұқсас әңгіме құрау; сөздік бейнелеу, сипаттау; таныс оқиғалар мен ертегілерді мазмұндау; өлеңді жатқа айту; сұхбаттасушыға немесе тыңдаушыға ақпаратты жеткізу және т.б.
«Орыс тілі» пәнінен оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: сөздің лексикалық мағынасымен жұмыс; сөздермен ойын; мәтіннің басы немесе аты бойынша оқиғалардың дамуын болжау; оқудың түрлерін қолдану және т.б.
«Орыс тілі» пәнінен жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: ақпаратты сурет немесе диаграмма түрінде ұсыну; бұрмаланған сөйлемді, мәтінді дұрыстау; әдебиеттік кейіпкерге хат жазу; тірек сөздер немесе суреттер арқылы мәтін құрастыру; есте сақтау арқылы жазу.
2) «Ағылшын тілінен» оқу жүктемесінің көлемі 4-сыныпта аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Ағылшын тілі» пәнін оқыту Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігіне CEFR сәйкес А1 жоғары деңгейінде меңгерту жүзеге асырылады.
Ағылшын тілін бастауыш мектепте оқып-үйрену балалардың қоршаған әлемге деген қызығушылығын оятады. Балалар тілді әртүрлі тәсілдермен, мысалы, белсенді ойындар, әндер, өлеңдер, жобалау жұмыстары арқылы меңгере алады. Ағылшын тілі мұғалімі ерте жастан бастап балаларда тілді сезіну қабілетін дамытады және бастауыш сынып білім алушылары тілді аса қызығушылықпен меңгеруі үшін керекті жағдайды қамтамасыз етеді. Осылайша балалардың сеніміне қол жеткізіледі, негізгі және жоғары мектептерде әрі қарай оқу үшін негіз қаланады.
Ағылшын тілін оқып-үйрену арқылы білім алушылар ойындардың нұсқаулықтарын, шағын диалогтардағы күнделікті жалпы лексиканы, қарапайым ауызекі және жазбаша ағылшын тілін, ағылшын тіліндегі шағын әңгімелерді, қарапайым анимациялық фильмдерді, деректі фильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды және т.б. түсіне бастайды.
Білім алушылар ағылшын тілін оқып-үйрену арқылы қарапайым әңгімелер мен шағын мәтіндерді құрастыру; ұсынылған үлгілер бойынша сөйлемдер құрау; әңгімелерді, қысқа қойылымдарды, өлеңдер мен әндерді орындау; күнделікті өмірдегі қысқа диалогтарға қажетті сөздер мен сөйлемдерді қолдана алады.
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.
4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, матиматиканы оқытудың бүкіл курсы бойында білімдер және дағдыларды жүйелі дамыту және тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.
«Математика» пәні бойынша 4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 5 сағатты, оқу жылында 170 сағатты құрайды.
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:

  1. Сандар және шамалар.

  2. Алгебра элементтері.

  3. Геометрия элементтері.

  4. Жиындар. Логика элементтері.

  5. Математикалық модельдеу.

Білім алушылардың математика курсы бойынша білімдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын «Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді.
Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларында логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын ашу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS халықаралық зерттеулерінде кездеседі.
Жаңа оқу бағдарламасында негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты болып табылатын «Геометриялық фигуралар» бөлімшесі кеңінен қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет