12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018-2019 оқу жылында 30 пилоттық жалпы білім беретін мектептердің 4-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізу жалғастырылады.
Мониторингтің мақсаты Қазақстан Республикасында Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жаңа оқу жылынан бастап кең ауқымды енгізуге дайындық болып табылады. Пилоттық мектептердің оқу процесіне стандартты, оқу бағдарламаларын және жоспарларын тиімді енгізу жаңартылған білім мазмұнын еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге енгізудің қажеттілігін көрсетуге ықпал етеді.
Апробацияны жүргізу мыналарға бағытталған:
әзірленген білім сапасын бағалау жүйелерін, критериалды бағалау жүйесін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелі тексеру және жетілдіру;
жаңартылған білім беру мазмұны аясында әзірленген оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) және сандық білім беру ресурстарын енгізу;
- жаңа пәндерді енгізу және пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша түпкілікті нәтижелерді алу.
Жаңартылған білім беру мазмұнының апробациясы мониторингпен бірге жүреді, өйткені жалпы білім беретін мектептерге одан кейінгі енгізу жаңа енгізілімдердің тиімділігін анықтау үшін алдын ала жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Апробация процесі кезіндегі мониторинг барысында оқу жылы бойында жинақталған ақпарат тез арада тиісті шаралар қабылдауды талап ететін проблемаларды, сондай-ақ шешу үшін көп уақыт пен деректерді қажет ететін мәселелерді (білім берудің белгілі бір деңгейі аяқталғанға дейін) анықтау және талдау үшін пайдаланылатын болады. Деректер оқу процесін ұйымдастыруды, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының, бағалау жүйесінің, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұнын, мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын жетілдіру бойынша шешімдерді қолдау үшін пайдаланылады.
Мониторинг міндеттері:
әзірленген жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК енгізу тиімділігін практикада тексеру;
апробацияланатын оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен ОӘК-інің ББ МЖМС негізгі ережелеріне сәйкестік дәрежесін анықтау;
жаңа оқу бағдарламаларын жалпы білім беретін мектептердің оқыту процесінде пайдаланудың перспективаларын анықтау;
жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу нәтижелеріне талдау жасау (білім алушылардың білім сапасы, оқу мақсаттарына жету, оқыту процесінің білім алушының жалпы денсаулық жағдайына әсері);
оқу бағдарламарын, оқулықтар мен ОӘК-ді қайта өңдеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
оқу материалдары мазмұнының «Рухани жаңғыру» және «Мәңгілік Ел» бағдарламаларының құндылықтарына сәйкестік дәрежесін анықтау.
4-сыныптың оқу бағдарламалары жаңа білім стандарты бойынша оқыту процесін, критериалды бағалау жүйесін, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін тексеруге және жетілдіруге, білім алушылардың нақты оқыту мақсаттарына қол жеткізуіне, сондай-ақ білімнің белгілі бір көлемін меңгеруіне, оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
ББ МЖМС-н апробациядан өткізу аясында әрбір оқу пәнінен қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша әзірленген және мұғалімге ұсынылған оқу тапсырмаларының оқу мақсаттарына сәйкестігін анықтау қажет.
Пилоттық мектептердің 4-сыныптарында «Қазақ тілі» (Т1), «Әдебиеттік оқу», «Орыс тілі» (Я2), «Ағылшын тілі», «Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)», «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдары негіздері), «Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар негіздері), «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» оқу пәндерін оқыту жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |