Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Бастауыш мектептің оқу пәндері мазмұнының ерекшеліктері



бет177/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Бастауыш мектептің оқу пәндері мазмұнының ерекшеліктері
4-ші сыныптарда тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды оқыту барысында қалыптастыру қажет. Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын көздейді, яғни мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған.
Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту сауаттылыққа үйретуге және оқу дағдыларын қалыптастыруға, сөздікті белсенділендіруге, ауызша және жазбаша сөйлеуді, монологтік және диалогтік сөйлеуді дамытуға бағытталған.
4-сыныптың оқу бағдарламалары және оқулықтарының құрылымы мен мазмұны оқу жылына есептелген 8 ортақ тақырып бойынша құрылған:

  • Менің Отаным – Қазақстан.

  • Құндылықтар.

  • Мәдени мұра.

  • Мамандықтар әлемі.

  • Табиғат құбылыстары.

  • Қоршаған ортаны қорғау.

  • Ғарышқа саяхат.

  • Болашаққа саяхат.

Ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру үшін базалық оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (түрлі баспалардың ұсынылған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, хрестоматиялар және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер пайдаланылады.
Оқу пәндері бойынша әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәндерінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген (72-кесте).

72-кесте – 4-сыныпта пәндер бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны







Пәндер

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан



3-тоқсан

4-тоқсан



1

Қазақ тілі

2*

2*

2*

2*

2

Әдебиеттік оқу

2*

2*

2*

2*

3

Орыс тілі (Я2)

2*

2*

2*

2*

4

Ағылшын тілі

2*

2*

2*

2*

5

Математика

3

2

2

3

6

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

2

2

2

2

7

Жаратылыстану

2

2

2

1

8

Дүниетану

2

2

2

2

* Тілдік пәндерден және әдебиеттік оқудан бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекетінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).


«Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқыту:
- саналы, дұрыс, көз жүгіртіп және мәнерлеп оқуға қол жеткізу;
- сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін жетілдіру;
- оқырмандық ой-өрісін қалыптастыру және сатып алу тәжірибесі, өзіндік оқырмандық әрекетте және кітапты таңдауда тәжірибе жинау;
- лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамыту;
- сауатты жазу мен оқу біліктерін меңгерту;
- білім алушылардың сөйлеуін жетілдіру;
-оқығанының мазмұнын түсінуді, негізгі ойды бөліп көрсете білуін, саналы түрде оқуды дамыту мен қалыптастыру;
- халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім беруге бағытталады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылында 136 сағатты құрайды;
2) «Әдебиеттік оқу» 4-сыныпта 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).

73-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі





Жазба жұмыс түрлері

4-сынып

І жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

Сөздік диктант

10-12 сөз

12-15 сөз

Диктант

50-55 сөз

55-70 сөз

Көшіру

50-55 сөз

55-70 сөз

Мазмұндама

65-80 сөз

80-100 сөз

Шығарма

55-60 сөз

65-70 сөз

Ұсынылған жазба жұмыстарының түрлерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстары ретінде жүргізуге болады.


Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет.
Сондай-ақ, оқу жылдамдығы оқу дағдысын қалыптастыру бойынша одан кейінгі оқытудың алгоритмін құру критерийі болып табылатынын есте сақтау маңызды.

74-кесте – «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жылдамдығының нормасы





Сынып

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

4-сынып

75-80 сөз

80-90 сөз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет