Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет168/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

10 АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Үлгілік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61, 2016 жылғы 15 шілдедегі №453, 2017 жылғы 29 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен реттеледі.


Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың дамуы бұзылуының түрлері бойынша сараланады:
− есту қабілеті бұзылған балалар үшін;
− көру қабілеті бұзылған балалар үшін;
− сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;
− тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;
− психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған;
− интеллекті бұзылған балалар үшін (жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі).
Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету курстары, еңбекке дайындық курстары, факультативтік сабақтар және элективті курстар арасында бөледі.
Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын пайдалану арқылы іске асырылады (бағдарламалар www.nao.kz - Академия сайтында ұсынылған).
Оқу процесінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. Мектептегі оқу ұзақтығын арттыру 0 (дайындық) және 10-сыныптар есебінен білім алушылардың даму ауытқушылықтарына байланысты оқу процесінде бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен, сондай-ақ, оқу процесінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу қажеттілігімен байланысты.
Интеллекті бұзылған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі, сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Ақыл-ойы кем білім алушылар мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, арнайы оқыту бағдарламалары, арнайы ОӘК бойынша іске асырылады.
Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды өздері таңдай алады. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда, РФ-да әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім мазмұнының ерекшелігі мен білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін өздері белгілейді.
Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс жоспарын құрастырады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағатын оқушылардың ерекше білім беруге қажеттілігіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шықпай).
Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратын тұлғалармен) бірге оқытылатын пәндер тізімін анықтайды, жеке мүмкіндіктеріне қарай Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша сыныптар бойынша үйде оқытудың сағаттарын бөледі.
Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік процесі мектеп штатындағы психологиялық-педагогикалық мамандардың (арнайы психолог, логопед) арнайы педагогтердің (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы) қатысуымен, оқушыны зерделеуден кейін алынған психологиялық-медициналық-педагогикалық мәліметтеріне негізделе отырып, саралау және жеке арнайы амалдарды қолдану арқылы іске асырылады.
Оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге арналған жеке бағдарламаны әзірлеу үшін өзара іс-әрекеттесетін мамандардың нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.
Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету- педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген сағаттар аясында (түзету компоненті) психологиялық-педагогикалық мамандарының қатысуымен өткізілетін топтық, шағын топтық және жеке сабақтарда алады. Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.
Арнайы мектептердегі және арнайы сыныптардағы жұмыс 0-4 сыныптарда ұзартылған күн тәртібінде, ал 5-9, 10 сыныптарда - мектеп басшылығының шешіміне қарай ұйымдастырылады да, бұл бұзылған қызметтердің орнын толтыруға, қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз етуге, әлеуметтік дағдыны қалыптастыруды және жеңу бойынша қажетті жағдайлар туғызады.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды еңбекке баулу жұмыс кадрларының қажеттілігіне қарай психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Үлгілік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.
Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топтарды біріктіру олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады. Паралель және шектес сыныптардағы оқушыларды кіші топтарға біріктіру мүмкіндігі бар. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабақтарын өткізу барысында сынып екі топқа бөлінеді.
Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар бітірушілер аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымы үшін белгіленген үлгідегі куәлігін алады (ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 № 39 бұйрығы, № 5 қосымша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет