«МАТЕМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Математика
«Математика» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» білім саласының кіріктірілген оқу пәні болып табылады. Оны оқып-білу нөл мен 1 000 000 көлеміндегі натурал сандардың арифметикасын, маңызды шамаларды, сондай-ақ негізгі орта білім беру деңгейінде одан әрі қарай оқытуды жалғастыру үшін алгебра мен геометрияның қарапайым алғашқы түсініктерінқамтиды.
Оқу пәні ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейіне жетуге бағытталған математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді, көрнекі-бейнелік, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыруды, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны меңгеруге практикалық негіз жасауды қамтамасыз етеді.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 4-сыныптарда аптасына – 5 сағаттан, оқу жылында 170 сағатты құрайды.
Бөлім немесе блоктар бойынша тақырыптарды меңгеру сапасының деңгейін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіледі, ал бақылау жұмыстары тоқсанның соңында өткізіледі. Тексеру (тақырыптық) жұмыстары тапсырмалары құрама сипатта болуы мүмкін немесе бір типті тапсырмалардан тұруы мүмкін (тек қана есептер, тек қана геометриялық тапсырмалар және т. б.), ал қорытынды бақылау құрама сипаттағы (арифметикалық есептер, сандық өрнектер, геометриялық сипаттағы тапсырмалар, және т.б.) бақылау жұмысы түрінде өткізіледі.
16-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының нормалары
Тоқсан
|
Тексеру (тақырыптық)
|
Бақылау
|
І
|
2
|
2
|
ІІ
|
2
|
1
|
ІІІ
|
2
|
1
|
ІҮ
|
2
|
1
|
І тоқсанда 2 бақылау жұмысы өткізіледі: кіріс және тоқсандық. Кіріс бақылау жұмыстары қыркүйек айында жүргізіледі, ол базалық және жоғары деңгейдегі тапсырмалардан тұрады. Кіріс бақылау жұмысындағы қиын тапсырмалар «қосымша тапсырма» ретінде беріледі. Қатемен жұмыс жасау барысында міндетті түрде есепті шығарудың жолдарын талдау қажет. Кіріс жұмысы үшін журналға «2» бағасы қойылмайды.
Білім алушылар қабылдауға математикалық диктант, ауызша есептеу, ақпаратты есту, бір мезгілде тиімді оқытуға зейін, жедел жады, логикалық ойлау, дұрыс математикалық сөйлеуге қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс түрлері 10-15 минут жүргізіледі.
17-кесте – Ауызша есептеу бақылауы және математикалық диктанттың нормалары
Жұмыс түрлері
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
Ауызша есептеу
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Математикалық диктант
|
1
|
1
|
1
|
1
|
18-кесте – Жазбаша жұмыстарды бағалау нормалары
Жұмыс түрлері
|
Бағалау нормалары
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |