Үй тапсырмасын:
мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы, жобалық жұмыстар және математикалық мектептерде есептерді шешу үшін көркем, қосымша әдебиеттерден басқа);
бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
бірінші сынып білім алушыларына (тек екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақытта оқылатын тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады.
Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.
Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын орындаудың қажеттілігі болмайды.
Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарының кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарында жазып, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:
білім алушыларды сабақ аясында, қоңырауға дейін үй тапсырмасы туралы хабардар ету;
үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;
білім алушылардың орындайтын көлемі аз тапсырмалары (орындалуы міндетті) мен көлемі көп тапсырмаларын (орындалуы ерікті түрде) байланыстыру;
сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) қызметінiң Үлгілік ережелерінің 19-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін екі баладан артық оқытылмауы тиіс) (немесе) ауытқу түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беруді қажет ететін балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.
Мемлекет, инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуына, дамуының бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін білім берудің барлық деңгейінде арнайы жағдайды қамтамасыз етеді.
Ата-аналар қоғамдастығында инклюзия тәртібінде білім алатын, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға деген адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында мектептің әкімшіліктеріне жылына бір рет әрбір параллель сыныптарда инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіндіруге арналған, соған сәйкес барлық адамдарға бірдей қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін, алайда, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау қажеттілігі туралы ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты – барлық ата-аналар инклюзивті білім беру принциптерін меңгеруге қол жеткізуі тиіс.
Жиналыс тақырыбы мен өткізу форматын мектептер өздері анықтайды.
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.
Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген Экстернат түрінде оқыту ережелерімен реттеледі.
ҚБТ ережелері барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып, оқуда ҚБТ пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелерімен еркін түрде өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқытуға рұқсат береді.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқытуға рұқсат беру және негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттарының телнұсқаларын беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарымен реттеледі.
Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша нысанда және олардың байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың түрін таңдау оқу пәнінің мазмұны мен ерекшелігіне, оқуға бөлінетін сағат санына, оқу кезеңіне, жопарланған оқу нәтижесіне, білім алушылардың жас және жеке ерекшелігіне байланысты.
Бақылау жұмыстары білім беру ұйымының жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес өткізілуі қажет. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы сабақтарда өткізу ұсынылмайды.
Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігіне жаңартылған білім мазмұнын енгізуді ескере отырып, оқыту процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға арналған келесі нормативтер ұсынылады.
Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігі үшін оқыту процесін және мектепішілік бақылауды жаңартылған білім мазмұнын енгізуді ескере отырып тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін келесі нормативтер ұсынылады.
1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері
Достарыңызбен бөлісу: |