Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтарға қатысты.
Пәндер бойынша оқыту мақсаттары сабақтарда не мереке күндеріне дейін не кейін оқытылады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау немесе орта мерзімді жоспарды бейімдеу кезінде мұғалімге мереке күндеріне неғұрлым жеңіл мақсаттарды шығару және жазба жұмыстарын жоспарламау ұсынылады.
Оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
1-11 (12)-сыныптарда: күзгі каникул–7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды және 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).
Назар аударыңыздар!
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер енгізілді.
1. Бұрын төмендегідей көрсетілген.
Бастауыш сыныптар үшін, жаңартылған білім мазмұнының бағдарламалары бойынша білім алушылар:
Қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптардың толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
ағылшын тілі;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде, инклюзивті білім беруді іске асыруда білім алушылардың жалпы санынан ерекше білім қажеттіліктері бар әр баланы үшке азайту есебінен сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Жаңартылған білім мазмұнының бағдарламалары бойынша оқитын 5-8-сыныптар үшін:
Қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда 5-8-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
ағылшын, шетел тілі;
информатика;
дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (не қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (не қыз) баладан кем емес болған жағдайда);
көркем еңбек (ұлдар және қыздар тобы сынып толымдылығына тәуелді емес) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен оқитын сыныптар үшін:
Қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар саны 10-нан кем болмаған жағдайда:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін сыныптардағы орыс тілі;
шетел тілі;
информатика;
бейіндік пәндер;
технология (сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);
дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |