Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет89/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны:
1-2- сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсы материалдарын;
3-сұрақ практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама және т.б.) қамтиды.
Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:

  • базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл;

  • жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.

Базалық деңгей:
- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.
Жоғары деңгей:
- қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;
- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.
Тарихи карталармен, терминологиямен жұмыс және тарихи тұлғаларды сиптаттау барысында билеттің 3-сұрағын максималды 10 балмен бағалауға келесі талаптар қойылады:

  • тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету;

  • тарихи фактілерді, құбылыстар мен процестерді тірек-сызбаларға түсіру, хронологиялық тізбек құру;

  • тұлғаға тарихи сипаттама беру және оның тарихта алатын орнын бағалау;

  • иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.

47-кесте – Бағалау критерийлері







Критерийлер

Балдары

1

Жалпы білім деңгейі

1 балл

2

Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді пайдалану

5 балл

3

Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау стилі

2 балл

4

Тарихи материалды ашу дағдылары

1 балл

5

Сындарлы тұжырымдар мен қорытындылар жасау мүмкіндігі

1 балл

Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.
Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес баллдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы төменде көрсетілген.

48- кесте – Есептеу шкаласы





Бағалаудың бес балдық жүйесі бойынша баға

«2»

«3»

«4»

«5»

Жалпы балл

0-4



5–16

17–24

25–30

Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы оқушы санына (параллелдердегі) байланысты.
Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:
«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1. Ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 925 жыл (1093-1166);
2. Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);
3. Қазақ ханы, қолбасшы Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл (1693-1748);
4. Қолбасшы, би, шешен Сырым Датұлының туғанына 295 жыл (1723-1802);
5. Күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл, (1818-1896 жж.);
6. Жәңгір сұлтанның Бөкей Ордасының ханы болып сайланғанына 195 жыл (1823);
7. Қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл (1858-1931жж.);
8. Қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл (1858-1931жж);
9. Халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл (1873-1919 жж.);
10. Ақын, педагог, түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл (1873-1938 жж.);
11. Педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл (1883-1939 жж.);
12. Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893-1938 жж.);
13. Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл (1918-2006 жж.);
14. Мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 75 жыл (1.01.1943 ж.);
15. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңгенің енгеніне 25 жыл (1993 ж.);
16. Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.).
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет