Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет138/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

6. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Үлгілік қағида) басшылыққа алынады.


«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шағын жинақты мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып жиынтықтары және оқыту сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.
Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық) қызметі Үлгілік қағидаларға сәйкес және өзінің жарғысымен жүзеге асырылады.
«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің Үлгілік қағидаларына сәйкес, шағын жинақты мектепте:
- жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі;
- сыныптарды бір сынып-жиынтыққа қосу және біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылар саны 10 адамнан аспауы тиіс;
- сыныпты 3-10 адам аралығында және одан артық адамға толықтыруға рұқсат етіледі;
- үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқыту сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады;
- бірінші және бітіруші сынып білім алушыларын біріктіріп оқытуға жол берілмейді.
- түрлі жастардағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде сыныптарды біріктіруге рұқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет