Құзыретті тәсіл бүгінгі күні жақтаушылары көп, мүмкін көптеген құрастырушылар негізгі мектеп үшін таңдау бойынша курстарды әзірлеу барысында осы тәсілге көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда келесі әрекеттер тізбегі болуы мүмкін:
- осы жастағы оқушылар үшін маңызды мәселелерді анықтау;
- оларды шешу үшін тиісті шеберлікті көрсету;
- аталған мәселелерді шешу үшін қажетті құзіреттілікті анықтау;
- қажетті мазмұнды таңдау;
- оқыту әдістерін әзірлеу.
Таңдау бойынша курстың мақсатын анықтау үшін бағыт ретінде әлеуметтік, коммуникативтік немесе пәндік құзіреттілік алынуы мүмкін.
Бейіналды дайындық бойынша таңдау курсы пәндік-бағдарлы (сынама) және пәнаралық (бағдарлы) болып бөлінеді.
Пәндік-бағдарлы курс келесі мәселелерді шешеді:
1) оқу пәніне оқушының қызығушылық танытуы;
2) пәнді жоғары деңгейде меңгеру қабілеті мен дайындығын анықтау;
3) таңдау бойынша емтихандарды тапсыруға жағдай жасау, яғни болашақ бейініне жақын пән.
Пәндік бағдарлау курстары үшін оқу-әдістемелік құрал ретінде қолданыстағы оқу құралдары, факультатив, арнайы курс бағдарламалары, жоғары оқу орындарына дайындыққа арналған оқу-әдістемелік кешендері және пәндерді тереңдетіп оқыту сабақтарының үзінділері пайдаланылуы мүмкін.
Пәнаралық (бағдарлау) курстар дәстүрлі білім беру пәндері аясынан шығуды ұсынады. Олар оқушыларды көптеген пәндер бойынша білім синтезін және әртүрлі кәсіптік салалардағы даму әдістерін талап ететін күрделі мәселелер мен тапсырмалармен таныстырады.
Таңдау курстарының міндеттерін келесідей тұжырымдауға болады:
1) оқушылардың заманауи кәсіптерге бейімделуі үшін база құру;
2) практикада кең тараған мамандықтардың, түрлері қызметтің ерекшеліктерімен танысу;
3) тиісті бейінге қолдау көрсету.
Бейіналды даярлау бойынша пәнаралық курстар үшін оқу материалдары ретінде ғылыми-танымал әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары, Интернет және т.б. қолданылады.
Таңдау курстарының айрықша ерекшеліктері олардың стандартты еместігі, вариативтілігі (түрленуі) және қысқа мерзімділігі болып табылады. Таңдау бойынша курстың вариативтілігінің ерекшелігі бейіналды даярлық алдында нақты бір бейінді таңдаған немесе керісінше әлі таңдау үстіндегі оқушы мазмұны мен саны жағынан өте көп түрлі таңдау бойынша курстарды меңгеруде өз күшін сынап көруі тиіс. Мазмұны, ұйымдастырылуы және өткізілу технологиясы бойынша бір-бірінен ерекшеленетін көптеген курстардың болуы алдынала тиімді оқытудың маңызды педагогикалық шарттарының бірі болып табылады.
Таңдау бойынша курстар келесі талаптарға сай болуы керек:
- оқушыға нақты таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін санымен ұсынылуы тиіс;
- білім беру перспективасы тұрғысынан оқушыға әлеуетін бағалауға көмек беруі тиіс («Әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа математикадан үштік алуыма байланысты емес болашақта заңгер немесе журналист мамандығын таңдағандықтан барамын»);
- таңдауды жоспарлап отырған бейін бойынша оқуда оң уәждеме жасауғак ықпал ету, «Мен осымен айналыса алам ба, маған осы керек пе?» деген сұраққа жауап бере алуы үшін оқушының өзін тексеруіне көмек көрсету. Ал курстың жаңа мазмұны мен шектен тыс жүктеуі осы сұрақтарға жауап беруіне қиындық туғызуы мүмкін.
Мазмұнды таңдай отырып, мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- жоғары сыныпта дұрыс бейіндік таңдау жасау үшін осы курс оқушыға несімен пайдалы?;
- орта мектептің үшінші сатысында бейіндік оқу барысында рөлі арта түсетін заманауи білім технологияларын қолдану тиімді болып табылады;
- осы немесе оған жақын пәндер бойынша базалық курсты жүзеге асыратын басқа мұғалімнің бейіналды курстарын оқыту мүмкіндігін пайдаланған жөн;
- таңдау жасау барысында (тарихшы, филолог, физик т.б.) ол үшін маңызы бар, яғни кəсіби қызмет саласының оқушының таңдауына əсер ететін курста оқушы қызмет түрінің ерекшелігімен танысуы тиіс. Олар осы бейіннің қызмет түрлерінің үлгілерін қамту керек (бейіннің ерекшелігін қызмет арқылы көрсету – мәтінмен жұмыс, талдау түпнұсқасы, құқықтық құжаттарды пайдалану т.б.).
Таңдау бойынша курстар мүмкін болса, бір әдістемеге негізделуі керек. Бұл мұғалімнің ақпаратқа монополиясын жояды.
Бейіналды дайындық үшін таңдау курстары базалық курсты қайталамауы тиіс. Олар оқушыны емтихан тапсыруы үшін емес, жоғары сыныпта нәтижелі оқуға дайындауы тиіс.