3) Бағдарламаның мазмұны (зертханалық және практикалық жұмыстарды қоса).
4)Тақырыптық жоспарлау (оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарын, күтілетін іс-әрекеттерін көрсетеді).
5) Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. 6) Қосымша. Элективті курстар мектепте вариативті компонентке берілген уақыт арқылы жүзеге асырылады. Элективті курстарды мектеп бағдарламасына енгізе отырып, бұл жерде оның бағдарламалары мен оқу құралдары туралы ғана емес, осы курстарды оқытуда қажетті барлық әдістемелік жүйе туралы екенін ескеру қажет. Сондықтан элективті курстарға берілген сағат аясында жеке бейіндердің жобалық оқу жоспарларында белсенді оқу технологияларына көңіл бөлу қарастырылған.
Элективті курстардың міндеттерінің күрделілігі мен көп өлшемділігі қатаң бекітілген тұжырымдамалық жүйе бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді және әдістемелік қолдау жүйесін құру қажеттілігін туғызады.
Элективті курстардың күрделілігі және көп жоспарлылығы элективті курстардың міндеттерінің күрделілігі мен көп өлшемділігі қатаң бекітілген тұжырымдама (яғни, өздігінен емес, іс жүзінде нығайтылған) негізінде бағдарламалық және әдістемелік қолдау жүйесін құру қажеттілігін туғызады. Ол үшін кез-келген таңдау бойынша немесе элективті курс оқу-әдістемелік жинақпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Элективті курс бойынша оқу-әдістемелік жинаққа:
- курстың бағдарламасы;
- оқу, әдістемелік құралдар (мұғалімге, оқушыға арналған әдебиеттер, қосымша әдебиеттер, электронды басылымдар. Интернет-ресурстар);
- оқушының дәрістері, семинарлары, өзіндік жұмыстары үшін ақпараттық материалдар мәтіндері;
- өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар каталогы және оны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар;
- жеке және сараланған тапсырмалар, соның ішінде тест түріндегі тапсырмалар;
- оқу тәжірибе бағдарламалары және оны өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар;
- зерттеу жұмыстары мен жобалардың тақырыптары;
- жобалық және зерттеу қызметінің бағдарламалары және оларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар;
- жобалық және зерттеу жұмыстарының үлгілері кіреді.