Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет158/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Нашар еститін балалар.
Қалдық есту негізінде дамитын есту арқылы қабылдау кемістіктің күрделілігіне, оның пайда болуы мен оңалтуды бастау уақытына байланысты.
Бұндай балалардың ерекшелігі қатты дыбыстарға мазасыздану, есту қабілетінің бұзылысы ауыр болған сайын дыбыс қаттылығының жылдам арту феномені анық көріне бастайды.
Бұл санаттағы балаларда вибрациялық сезімталдық басқа балаларға қарағанда жақсы дамыған. Сондықтан, олар ырғақтық көріністі ажыратуға, музыкалық аспаптарда ойнауға, тіпті билей алуға қабілетті.
Естуінде қиындықтары бар балалардың эмоционалды-еріктік саласы эмоциялардың жұтаңдығымен, ерік қасиеттерінің әлсіздігімен, бастаған ісін аяғына апарғысы келмейтіндігімен сипатталады. Дегенмен, олар еститін балаларға қарағанда белсенді болады.
Нашар еститіндердің сөйлеу тіліне сандық жағынан жеткіліксіздік және сапалық жағынан өзгешелік тән.
Сөйлеу тілінің болмауы немесе оның төмен деңгейде дамуы баланың танымдық әрекетінің тежелуіне, әсіресе, тілдік ойлау деп аталатын көрнекі-бейнелік және тілдік-логикалық ойлаудың шектелуіне алып келеді.
Есту қабілеті бұзылған балалардың әлеуетті мүмкіндіктері өте жоғары.

Ересектерге мұндай балалар өз әрекеттерінің арқасында айналасындағы барлық заттарды есте сақталған күйінде білетінін түсіну маңызды.
Мұғалімдерге мұндай баламен қарым-қатынас жасаудың барлық мүмкін және қолжетімді құралдарын пайдалану ұсынылады: ауызша сөйлеу, табиғи қимылдар, бет-әлпеттер және басқалар.
Нашар еститін балалармен түзету жұмысын ұйымдастыру үшін сурдопедагог кабинеті қажет. Ол дыбыстау индикаторы, арнайы компьютерлік бағдарламалар, сурдологопедиялық тренажер, компьютер колонкалары, магнитті тақта, аудиодисктер, айна және басқа құралдармен жабдықталады.
Балалар мәнін түсіну үшін сұрақтарды анық, қысқа етіп қойып, жауабын беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек.
Әр түрлі көрнекі құралдарды білім беру міндеттеріне сәйкес тиімді пайдалану ұсынылады.
Тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын білім алушының психикалық және тілдік дамуына байланысты өзгертуге болады
https://nao.kz/loader/fromorg/2/26





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет