Естімейтін балалар.
Естімейтін балалар құлақ түбіндегі қатты дыбысты сезіне алады, бірақ арнайы оқытусыз сөздер мен сөйлемдерді түсінбейді.
Есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолданғанның өзінде естімейтін балалар айналадағылардың сөйлеуін қабылдау мен түсінуде қиналады.
Бұндай балалардың ауызша сөйлеу тілі өздігінен дамымайды, сондықтан оларды ұзақ жүйелі түзете-дамыту жұмысына қосукерек.
Естімейтін/нашар еститін балалар сөйлеушіні бірнеше себептерге байланысты әрдайым түсіне бермейді.
Есту қабілеті бұзылған баланың айтқанды түсінуі сөйлеушінің артикуляциялық мүшесінің анатомиялық ерекшеліктері (жұқа еріндер, тістестіру ерекшеліктері және т.б.), ерінді бүркеу (мұрт, сақал, ашық түсті далап және басқа) және сөйлеу тілінің ерекшелігі (анық емес, жылдам сөйлеу және т.б.) қиындатады.
Есту мүмкіндіктерінің ерекшеліктері (есту аппаратының бұзылуы, толық емес «есту») және баланың тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибесінің шектеулігі (ортақ мәнмәтін/тақырып бойынша ақпараттанудың жеткіліксіздігі және осының айтылғанды түсінуге әсер етуі) сөйлеуді қабылдау тұрақсыздығының факторлары болып табылады. Есту қабілеті бұзылған балалар айналадығылардың сөйлеуін үш әдіспен қабылдайды: есту-көру, есту арқылы, көру арқылы.
|
Білім беру ұйымында есту қабілеті бұзылған баланы табысты оқытудағы міндетті шарт есту функциясының бұзылу дәрежесін барабар анықтау және медикаментозды көмек көрсету, есту аппараты моделін таңдау, оны жеке дайындалған қосымша параққа сай және баланың аудиограммасына сәйкес дәлме-дәл күйіне келтіру болып табылады. Осының барлығы оған оқыту процесіне белсенді енуге және өзін кез келген коммуникативті жағдайда сенімді сезінуге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстың басты бағыттары: сөйлеу тілін дамыту (лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылымдар) есту арқылы қабылдауды, оның ішінде сөйлеу тілін естуді дамыту және дыбыс айтуды қалыптастыру. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар баланың танымдық әрекетін және тұлғасын жан жақты дамыту жүреді.
Естімейтін/нашар еститін балаға қатысты сөйлеушінің тұрған орны және әңгімеге қатысушылардың саны да үлкен маңызға ие. Мысалы, сөйлеушінің жарық көзіне арқасымен тұруы, балаға қырымен немесе арқасымен тұруы, әңгімеге екі немесе одан да көп адамның қатысуы – сөйлеуді түсінуге кері әсерін тигізеді.
Әрқашан балаға қарама-қарсы тұру керек. Сабақта тым көп қозғалмаңыз, оқушыға еріннен оқуға мүмкіндік беру керек. Жұмысты жұптасып істеуге ынталандыру (кітап беттерін, тапсырмалардың, нұсқаулықтардың және т.б. көрсетуде көршісінен көмек қажет болады).
|