Барлық мектептер саны
|
Оның ішінде
|
Оның ішінде бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны
|
Бастауыш мектеп
|
Основная школа
|
Орта мектеп
|
Бастауыш мектеп
|
Негізгі мектеп
|
Орта мектеп
|
1
|
Ақмола
|
565
|
68
|
154
|
343
|
59
|
150
|
343
|
2
|
Ақтөбе
|
410
|
34
|
82
|
294
|
33
|
81
|
236
|
3
|
Алматы
|
758
|
66
|
60
|
632
|
65
|
60
|
597
|
4
|
Атырау
|
193
|
12
|
7
|
174
|
12
|
7
|
171
|
5
|
Шығыс-Қазақстан
|
657
|
51
|
116
|
490
|
50
|
115
|
482
|
6
|
Жамбыл
|
450
|
61
|
34
|
355
|
61
|
34
|
322
|
7
|
Батыс- Қазақстан
|
381
|
70
|
70
|
241
|
70
|
70
|
235
|
8
|
Қарағанды
|
515
|
49
|
90
|
376
|
49
|
80
|
312
|
9
|
Қостанай
|
514
|
89
|
114
|
311
|
89
|
114
|
311
|
10
|
Қызылорда
|
293
|
8
|
26
|
259
|
8
|
26
|
242
|
11
|
Маңғыстау
|
134
|
8
|
4
|
122
|
8
|
4
|
122
|
12
|
Павлодар
|
371
|
27
|
68
|
276
|
27
|
68
|
276
|
13
|
Солтүстік- Қазақстан
|
497
|
67
|
108
|
322
|
67
|
108
|
313
|
14
|
Оңтүстік- Қазақстан
|
1029
|
100
|
77
|
852
|
97
|
75
|
786
|
15
|
Астана қаласы
|
84
|
2
|
0
|
82
|
2
|
0
|
69
|
16
|
Алматы қаласы
|
203
|
-
|
3
|
200
|
-
|
3
(1-7 сын)
|
112
(1-7 сын),
87
(1-4 сын)
|
Барлығы
|
7054
|
712
|
1013
|
5329
|
697
|
995
|
5016
|
Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған.
2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптар жаңа бағалау жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмысымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) эталонмен салыстырылады. Оқыған материалдары негізінде ғана бағалау керек, сондықтан да бағалау критерийлері – оқу мақсаттарының нақты көрінісі.
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету үшін, мүдделі тараптарға оқудың нәтижелері туралы ақпарат беру үшін қолдану ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі ең алдымен балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.
Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.
Барлық жаңа дүние сияқты, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі педагогтердің да, ата-аналардың да тарапынан біркелкі қабылданбады. Сұрақтар жыл бойы туындап отырды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:
- оқыту мен бағалаудың бірлігіне негізделеді;
- білім алушылардың үлгерімі мен жетістігін қамтамасыз етуге тұтастық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған;
- оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту мақсаттарының орындалуын және білім алуы мен дағдыларының дамуы дәлелдемелерін жинауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың әртүрлі әдістері мен түрлерін қамтиды.
Критериалды бағалау жүйесі оқытудың, оқу мен бағалаудың өзара байланыстарына негізделгенін есте ұстаған жөн. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға ықпал етеді.
Әр сабақ оқу мақсаттарын көрсету мен айтудан және оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыу мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын ала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген, осы немесе басқа оқу материалын қалай игергенін, бұл немесе басқа практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір білім алушының дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.
Әр сабақта мұғалімге бағалау элементтерін қолдану және білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету, оларды оқытудың жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат беру ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесінің ең басты артықшылығы – білім алушыға түсер күйзелісті азайту болып табылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастырады, оқытуда достық ортаны құруға, білім алушылардың оқуға деген ықыласын арттыруға, зерттеушілік және шығармашылық қызметке қатысуға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде білім алушылар іс-әрекеттің субъектісі ретінде әрекет етеді. Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.
Білім алушылар бағалар санын жинақтауға ғана ұмтылмауы керек. Алайда, білім алушылардың жетістіктерін бағалау мазмұнды, көп жоспарлы болуы керек. Бағалау процесіне білім алушылар да қатыстырылады.
Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен тығыз байланысын және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолдайды.
Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған шеберлік-сыныбы мен тренингтер өткізіледі.
Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға балалары сияқты өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Бағалаудың жаңа жүйесі ыңғайлы және достық қарым-қатынас ортасын құруға ықпал ететіндігін түсіндіру маңызды болып табылады.
Мұғалім бағалауды жүргізу барысында тек мұғалімдерге ғана емес, сондай-ақ ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдар кешенін міндетті түрде қолдануы тиіс:
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 ақпан № 47 бұйрығы);
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық;
Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: Оқу-әдістемелік құрал;
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.
Бұл әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.
Мұғалімнің бағалау қызметі – бағалау критерийлерін іріктеу, әзірлеу және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері.
Білім алушының бағалау қызметін жүзеге асыру үшін мұғалім:
әртүрлі бағалау түрлерін жиі қолдану керектігін (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);
білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін дербес дайындауды және таңдап алуды;
бақылау әдістері мен түрлерін әзірлеу және іріктеп алуды білуі тиіс.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін мұғалім:
1) бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
2) бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
3)бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес);
4) білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
5) үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;
6) сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдануы, сондай-ақ ерекше білімге қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;
7) жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.
Критериалды бағалау мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды жобалап түсіндіреді:
1. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;
2. Білім алушылардың жұмыстары басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
3. Нақты тапсырмалардың әртүрлі формаларын қолдану және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамаларының болуы;
4. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болуы;
5. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді. Рефлексия білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты болып табылады;
6. Өзін-өзі бағалауға көшуге тырыса отырып, білім алушыларды бағалау процесіне қосу;
7. Оқыған материалдары негізінде бағалау. Бағалау критерийлері оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.
Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушылардың дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарға сәйкестігін белгілеуге, оқыту процесіне түзету енгізуге, жұмыстың күрделілігі деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.
9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.
10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.
11. Балалардың түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |