Kundelik.kz пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған жағдайда Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласуға болады: 8 (727) 313-18-32 немесе team@kundelik.kz
Үш тілде оқыту туралы
Жаратылыстану-математикалық циклдің бірқатар пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары» атты «100 қадам» бағдарламасында қарастырылған, оны іске асыру алдағы 10-15 жылдағы «бірінші нөмірлі» міндет болуға тиіс. Сонымен қатар, 79-қадамда айтылғандай, «білім беру жүйесінде - орта және жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуға кезең-кезеңмен көшу» түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және білім беру саласының экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» көрініс тапқан. Сонымен қатар, 2015 жылы 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы қабылданды.
Дегенмен, кезең-кезеңмен көшу 2013 жылы ағылшын тілін бірінші сынып бағдарламасына енгізген кезде басталды. 2017-2018 оқу жылында бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыған балалар бесінші сыныпқа келді.
4 пән бойынша сөз қозғағанда, келесі фактіні ескерген жөн. Барлық оқушылар үшін міндетті 10-11-сыныптарға арналған Үлгілік оқу бағдарламалары дайындық бағытынан тыс (ЖГБ, ЖМБ), сондай-ақ стандартты және тереңдетілген деңгейлерді таңдауға арналған пәндер. ЖМЦ міндетті пәндерінің қатарына информатика ғана кіреді, ал қалғандары таңдау компонент бөлімінде. Сонымен, ағылшын тілінде 4 пән оқытылмайды, ең кемінде бір пән – информатика, ең көбі - информатика және екеуі таңдау бойынша.
Информатика - бұл пәннің негізін бүгінгі балалар жазудың қыр-сырынан бұрын біледі, себебі компьютерді жастайынан меңгереді. Ал компьютердің тілі – ағылшын. Химия, физика, биология – бұл әлемнің табиғи ғылыми көрінісін бейнелейтін пәндер және басқа тілдік емес пәндермен салыстырғанда бұл пәндердің материалдары ағылшын тілімен кіріктіріледі, өйткені осылардың ерекшелігіне қарай, оларға сабақтан сабаққа дейін үнемі қайталанатын грамматикалық конструкциялардың шектелген саны қызмет етеді. Бұл пәндер, басқаларға қарағанда, графикалық тілмен сипатталады (сызбалар, диаграммалар, формулалар және т.б.), оқытылатын материалдың белгілі бір пайызы көзбен қабылданады, сондықтан бұл жүктемені азайтады.
2018-2019 оқу жылында ағылшын тілінде пәндерді оқыту пилоты жалғасады. Егер мектеп дайын болса, 2019 жылы педагогикалық кеңес пен ата-аналар комитеттерінің шешімі бойынша жоғары сыныптарда химия, биология, физика және информатика ағылшын тілінде оқытылады. 2019-2020 оқу жылында облыс орталықтарының барлық мектептерінің 10-11 сыныптарында 1-ден 4 пәнге дейін (физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде пәндерді және тілдерді оқытудың арнайы әдісімен, 1 пән - міндетті түрде ата-аналардың пікірлерін ескере отырып жүргізіледі. 2020-2021 оқу жылында аудандық орталықтар, моноқалалар мен ірі ауылдардың барлық толыққанды мектептері ата-аналардың келісімімен және мұғалімдердің, білім алушылардың, білім ресурстарының дайындығына сәйкес осы төрт пәннің біреуі немесе бірнешеуі ағылшын тілінде оқытылады.
2017-2018 оқу жылында ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқытуға ауысуды қалайтын 800 мектептің 153-і Пилоттық жобаға іріктелді, онда B1 және B2 деңгейлерінде ағылшын тілін меңгерген пән мұғалімдері жұмыс жасайды. 374 мектепке ағылшын тілінде оқыту элементтері енгізілді.
2018-2019 оқу жылында пәндерді ағылшын тілінде оқыту пилоты жалғасады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мектептердің дайындық мониторингісін өткізді.
Мониторингтің мақсаты - мектептердің жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуға дайындығын анықтау.
Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның 16 өңірінен 2571 мектеп өкілі қатысты. Мониторинг тізіміне 4815 күндізгі жалпы білім беретін мектеп енгізілді, сондықтан қатысушы мектептердің үлесі 53,4% құрады. Тізімге бастапқы және негізгі мектептер, сондай-ақ, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын 500 Пилоттық мектеп кірмеді. Бұл мектептер үшін бөлек мониторинг жүргізілді. Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 9392 физика, химия, биология және информатика мұғалімдері, сондай-ақ 90 000-нан астам ата-ана мен 130 000-нан астам оқушы қатысты.
Іріктеу өте жоғары деңгейде өтті.
6-кесте –Мониторингке қатысқан мектептер туралы мәлімет.
№
|
Аймақтардың атауы
|
Тізім бойынша мектептердің саны
|
Мониторингке қатысқан мектептердің саны
|
1
|
Ақмола
|
320
|
151
|
2
|
Ақтөбе
|
220
|
120
|
3
|
Алматы
|
599
|
434
|
4
|
Атырау
|
159
|
106
|
5
|
БҚО
|
474
|
237
|
6
|
Алматы қ.
|
172
|
130
|
7
|
Астана қ.
|
55
|
32
|
8
|
Жамбыл
|
299
|
134
|
9
|
ШҚО
|
214
|
90
|
10
|
Карағанды
|
327
|
74
|
11
|
Қостанай
|
295
|
134
|
12
|
Қызылорда
|
290
|
179
|
13
|
Манғыстау
|
96
|
89
|
14
|
Павлодар
|
234
|
189
|
15
|
СҚО
|
267
|
204
|
16
|
ОҚО
|
794
|
268
|
Барлығы
|
4815
|
2571 (53,4%)
|
7-кесте – Онлайн-сауалнаманың респонденттер саны туралы мәлімет
Білім алушылар
|
Педагогтар
|
Ата-аналар
|
Барлығы
|
128800
|
23207
|
91091
|
243098
|
Мониторинг көрсеткендей, респонденттердің арасында 10 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі ұстаздар басым, олардың жартысынан көбісі жоғары және бірінші біліктілік санаттарына ие. Бұдан байқалғаны - сұрақтарға білікті жауаптардың берілгені.
Мұғалімдердің сапалық құрамы туралы мәліметтер биология, физика және химия мұғалімдерінің орташа біліктілік деңгейіне ие екенін куәландырды. Төменгі деңгейді информатика мұғалімдері көрсетті: педагогикалық тәжірибе көрсеткіштеріне қарамастан, респонденттердің үштен бір бөлігі біліктілік санатына ие емес, ауылдық мектептердің мұғалімдерінің үлесі басым.
Мониторинг деректері бойынша ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің шамамен 13%-ы өздерінің пәнін ағылшын тілінде оқытуды бастаған. Егер респонденттердің санына пилоттық мектеп мұғалімдерінің (527 мектеп) кірмегенін ескеретін болсақ, онда біз Елбасының 79-қадамын іске асырудың жақсы бастамасы деп айта аламыз. Сонымен қатар, ауыл мектептерінің мұғалімдері белсенді жұмыс істейтінін атап өту керек.
Жалпы, барлық төрт пән ағылшын тілінде вариативті компонент (факультативтер, үйірмелер, секциялар және т.б.) және ЖМЦ пәндері бойынша сабақтан тыс іс-шаралар шеңберінде оқытылады. Бірақ, ЖМЦ пәндерінің мұғалімдері өздерінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты құрамдас бөлігі шеңберінде жүргізетінін көрсетті. Бұл ағылшын тілінің қажетті деңгейіне (B1-C1) ие және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде және БИЛ-да жұмыс істейтін мұғалімдер.
Аталған жағдайда ағылшын тілінде төрт пән бойынша оқыту көбінесе 7-сыныптарда және ішінара енгізу режимінде жүргізіледі, бұл табысты бастау туралы қорытындыны растайды. Бұған сенімділік ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілінде біліктілік деңгейінің көрсеткіштері есебінен де артуда. Мұнда мынадай көрініс қалыптасқан: респонденттердің 19%-ы ағылшын тілін A1-A2 деңгейінде меңгерген және B1 деңгейінде 12%, мұғалімдердің жарты үлесі (жауап берушілердің үштен бірі) тиісті сертификаттарға ие, бірақ B2 деңгейінен бастап қажетті деңгей тек қана 6%.
Сертификаттар туралы айтатын болсақ, онлайн сауалнама барысында көптеген мұғалімдер ағылшын тілі курсын аяқтамаған және ағылшын тілін өздігінен оқып-үйреніп және оқып жатқан мұғалімдер де аз емес. Оң үрдіс ретінде химия, биология, физика және информатика мұғалімдерінің ағылшын тілін оқып-үйрену мен жетілдіру ниеттерін сенімді бағалай аламыз. Осындай мұғалімдердің үлесі басым көпшілік болды - респонденттердің 80% -ы.
ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру туралы: ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің тіл курстары (шамамен 30%) және жаңартылған білім мазмұны бойынша (50%) оқыту курстары CLIL -технологиясы курстарына қарағанда (15% -дан сәл артық) жүйелілеу және жоспарлылау сипатта болды. Сондықтан ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің арнайы технология бойынша оқыту үдерісін қарқындату қажет - пән мен тілдің кіріктірілген оқытуы (CLIL).
ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің осы технологияны қолдану режимі туралы пікірлері: мұғалімдердің абсолютті көпшілігі (90% -дан астам) ең тиімді нұсқа ретінде ішінара енгізу режимін санайды, ол ағылшын тілінде пәндік терминологияны оқытуды, сабақтың жекелеген кезеңдерін өткізуді, элективті курстардың бөлек бөлімдерін, тақырыптық үйірмелерді, секцияларды және т.б. сабақтан тыс іс-шараларды өткізуді болжайды.Сонымен қатар, химия, биология және физика пәндері мұғалімдерінің айтуынша енгізу режимін 7-сыныптан, информатика мұғалімдерінің айтуынша 5-сыныптан бастау қажет.
Ата-аналар туралы сөз қозғасақ, онда олардың көбісі ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту идеясын қолдайды. Сонымен қатар, оқыту қазақ тіліндегі мектептердің ата-аналарының (61%) көзқарастары жағымды, азырақ - оқыту орыс тіліндегі мектептерде (42,9%). Ата-аналардың басым көпшілігі балаларының ағылшын тілін үйренгісі келетінін көрсетті. Сондай-ақ, ата-аналардың көпшілігі өз балаларының мектепте ағылшын тілін үйренуіне қанағаттанатындарын айтты. Ата-аналардың үлкен үлесі олардың балалары 10-сыныпта ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқуға дайын болады деп санайды.
Білім алушылардың арасындағы сауалнама қорытындысы:
- ағылшын тілін үйрену мотивациясының жоғары деңгейі қалыптасқан;
- респонденттердің көбісінің ағылшын тілінде бір немесе бірнеше пәндерді оқуға деген ұмтылысы, сонымен қатар, оқыту қазақ тіліндегі мектеп балаларында бұл ынта оқыту орыс тіліндегі мектептердің құрбыларына қарағанда (37,3%) әлдеқайда жоғары (60,1%).
Жалпы, мұғалімдер, білім алушылар мен ата-аналар арасындағы онлайн-сауалнама ағылшын тіліндегі ЖМЦ пәндерінің оқыту мақсаттарын алға жылжытудың оң үрдістерін көрсетеді: ата-аналардың басым көпшілігі қарсылық көрсетпейді, мұғалімдер мен білім алушылардың мотивациясы өте жоғары.
Жүргізілген мониторинг деректері білім беру саласындағы жасалған іс-қимылдарды оң бағалайды, сондай-ақ күнделікті мәселелердің негізделген шешімдерін қабылдау, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту саласында табысты стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта бекіту сатысындағы Пилоттық мектептер туралы Ереженің жобасы қосымша ретінде ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |