Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫ МЕН ТОПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет29/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

1. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫ МЕН ТОПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту және жетілдіру барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болғандықтан, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады


Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуды басым бағыты ретінде айқындады.
Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында 2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесі келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

  • балалардың физикалық және психоәлеуметтік саулығын нығайту;

  • балаларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу;

  • патриоттық, толеранттық, рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру («Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламасы);

  • балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту;

  • балалардың дарындылығы мен жеке қабілеттерін дамыту;

  • мақсатты түрде балаларды мектепке дайындау.

  • Аталған міндеттер білім беру қызметін одан әрі ұйымдастыру барысында:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын;

  • балаларды мектепке сапалы даярлауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды;

  • мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу;

  • балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту бойынша Стандарт пен бағдарламаны әзірлеу арқылы шешілетін болады.

2018-2019 оқу жылы мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында) білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағ ы №499 бұйрығы) сәйкес ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет