Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет43/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ


Дүниетану
Оқу пәні қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарам-қатынас жүйесі негізінде жалпы адами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған және қоршаған әлемді құрайтын үш бөліктің: адам – қоғам – табиғаттың өзара байланыстары мен өзара тәуелділігі туралы ұғымдарды, заттар мен құбылыстардың мағынасын өз бетінше қорытындылауға дағдыландыру.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 4-сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Дүниетану» пәнін меңгеруде бастауыш сынып оқушылары биология, экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады.«Дүниетану» пәнінің сабақтарында мұғалімге зілзалалардың, экологиялық апаттардың қауіп-қатері жағдайында қауіпсіз іс-әрекет ету мәселелерін талқылау ұсынылады.
Пән бойынша білім мен дағдыларды бақылау мен бағалау үшін ауызша тексеру, бақылау, жазбаша жұмыстар (мысалы, тест, диктант), сондай-ақ өздігінен карталармен, құралдармен, үлгілермен, аспаптармен, зертханалық құрал-жабдықтармен практикалық жұмыстар қолданылады.
Экскурсия жүргізу оқытудың бір түрі болып табылады. Экскурсияларда оқушылар көптеген теориялық білімдерін практикада тексереді және жергілікті жерде бағдарлану, бақылау, салыстыру, ағзалардың бір-бірімен, табиғат құбылыстарымен, қоршаған ортаның жағдайларымен өзара байланысына мысалдар табу дағдыларын үйренеді. Сабақтың тақырыбына және жергілікті жерген сәйкес (жаңа тақырыпты меңгергенге дейін немесе кейін) экскурсия жүргізу ұсынылады.
Экскурсиялар жергілікті жерлерге байланысты ұсынылады:
1) мұражайлар;
2) ауыл-аймақтың маңайы;
3) пайдалы қазбаларды шығаратын не қайта өңдейтін орындар не кәсіпорындар;
4) саябақтар, хайуанаттар бақтары;
5) өнеркәсіптік, өндірістік немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындары.
Білім алушылардың жүйелі талдау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін«Бақылау күнделігінде» ұсынылаған тапсырмаларды жүйелі түрде орындау ұсынылады.
Кеңістік, географиялық заңдылықтар туралытүсініктерді дамыту үшін карталар (физикалық және әкімшілік картасы, контурлы карталар, тарихи карталар, жартышар карталары) және глобус қолданылады.
Олармен жұмыс жаңа тақырыпты түсіну, өткен материалды қайталау, үй тапсырмасын тексеру кезінде жүргізіледі.
Жұмыс кезінде мұғалім қадағалауымен білім алушылар таяқшаны дұрыс қолдана білуі керек. Өзен, көл, қала, мемлекет атауларын картадан дұрыс көрсете білуі қажет.
19-кесте – Пән бойынша бағалау нормалары



Бағалар

Бағалаудың сипаттамасы

5

Оқушы оқу материалын объектілер мен табиғат құбылыстарының арасындағы байланысты анықтап, табиғатқа жасаған бақылауларын қолдана отырып, жүйелі де логикалық түрде баяндаса (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.

4

Оқушының жауабы, негізінде, «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, бірақ оқушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарды қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, қойылады. Осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін оқушының өзі түзетеді.

3

Оқушы оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды өзінің бақылау нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы құбылыстар мен нысандар арасындағы байланысты орнатуда, практикалық жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған кемшіліктерін түзете алса қойылады.

2

Оқушы бағдарлама материалының көп бөлігін меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де практикалық жұмыстарды орындай алмаса қойылады.



Бағаны төмендетуге әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі.
Қателер:
- ұғымды дұрыс анықтай алмауы, ұғымның маңызды сипаттамаларын маңызды емес сипаттамаларымен ауыстыру;
- маңызды болып табылатын жағдайларда объектіні (құбылыстарды) сипаттауда бірізділіктің бұзылуы;
- әңгіме-талқылауда сол және басқа зерделенген құбылыстардың өту жағдайындағы заңдылықтарын, себептерін дұрыс ашпау;
- құбылыстарды олардың маңызды белгілер бойынша топқа бөліп жіктеп салыстырудағы қателіктер;
- нақты материалды білмеу, айтылған ұсынысты дәлелдейтін мысалдарды өздігінен келтіре алмау;
- суретті, сызбаны орындай алмауы, кестені дұрыс толтыра алмауы, өзінің жауабын сурет, сызбамен, иллюстрациялық материалдармен дәлелдей алмау;
- қате нәтижеге әкелетін тәжірибе жасаудағы қателіктер;
- картаға және жоспарға бағдарлана білмеу, зерделенген нысандарды (табиғи-тарихи) дұрыс көрсетудегі қиындық.
Кемшіліктері:
- нысанның маңызды емес белгілерін сипаттауға басымдық беру;
- жұмыстың нәтижесіне кері әсерін тигізбейтін сурет, схема, кестелерді орындаудағы олқылықтар: білгілер мен жазулардың болмауы;
- қате нәтижеге әкелмейтін операциялардың тәжірибе жүргізу барысындағы жүйелерінің бұзылуы;
- құралды анықтап белгілеудегі қателік, оны қолдану жетекші сұрақтан кейін жүзеге асырылса;
- картадан нысанды табу барысындағы олқылықтар.
Пән бойынша жазбаша білімін тексеруде білім алушылардың жазбаша сөз мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігіне байланысты толық жазбаша жауапты талап етпейтін бақылау жұмыстары қолданылады. Жеке карточка-тапсырмалармен жұмыста: оқушылар кестені толтырады, сызбаларды, диаграммаларды салады немесе толықтырады, дұрыс күнін таңдайды және т.б.маңызды.

20-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны





Тоқсан

Тексеру
жұмыстары

Бақылау
жұмыстары

І

1

1

ІІ

1

1

ІІІ

1

1

ІҮ

1

1

Тест қиындығы жағынан орташа деңгейлі тапсырмалардан тұрады. Қатені табу; дұрыс жауапты таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету түріндегі тест тапсырмаларын қолдануға болады.


Тест жұмыстарын орындау үшін оқушыларды алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек. Тақтада өтілетін тест тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып немесе іліп, оны оқушылармен бірге орындау ұсынылады.

21-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормалары





Базалық деңгей

0-60%

60-77%

77-90%

90-100%

Баға «2»

Баға «3»

Баға «4»

Баға «5»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет