Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


-2019 оқу жылынан бастап сыныптарды топтарға бөлу туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдайды



бет5/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

2018-2019 оқу жылынан бастап сыныптарды топтарға бөлу туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдайды. МЖБС жаңа редакциясында: «Топтарға бөлуге рұқсат етіледі...» деп көрсетіледі. Яғни, осы оқу жылынан бастап сыныптарды топтарға бөлу, бөлмеу мәселесін мектеп өзі шешетін болады. Бұл мектептердің материалдық-техникалық базасына, атап айтқанда, спорттық залдардың, аудитория қорының, оқушылар контигентінің, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің санына және т.б. байланысты.
2. МЖБС жаңа редакциясында және соған сәйкес Үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнімен қатар «Шетел тілі» пәні көрсетіледі, яғни бұрынғы нұсқасы қайта алынады. Оқушылардың не «Ағылшын тілін», не «Неміс тілін», не «Француз тілін» таңдауға құқығы бар.

  • Неміс және француз тілдерінің оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 281 бұйрығымен бекітілді.




Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта –29 с., 4-сыныпта –29 с., 5-сыныпта –32 с., 6-сыныпта –33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет