Бақылау нысаны
|
Норма
|
1
|
Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау
|
Айына 2-3 сабақ (мектеп директорлары үшін)
Айына 8-10 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);
|
2
|
Сынып журналдарын тексеру
|
Тоқсанына 1 рет
|
3
|
Білім алушылардың күнделіктерін тексеру
|
Тоқсанына 1 рет
|
4
|
Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру
|
Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет
|
5
|
Білім алушылардың жеке істерін тексеру
|
Жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін)
|
6
|
Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру
|
Жылына 2 рет
|
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:
«Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік-нұсқау хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);
«Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);
«Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);
«Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
«Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады).
Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы НЗМ сайтында ұсынылған (smk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) Жүйелі-әдістемелік кешенді (ЖӘК) әзірледі.
Достарыңызбен бөлісу: |