«Өзін-өзі тану» «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жалпы орта деңгейінде 10-11-сыныптардың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды:
«Таным тағылымдары»;
«Адам болам десеңіз...»;
«Жарасымды өмір салтанаты»;
«Кең дүние келбеті».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағаттан, бір жылға барлығы 34 сағатты қамтиды.
Оқушылардың білімін бағалау Оқушылардың білім сапасын бағалау жалпыбілімберетін мектептің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламаларындағы 10-11-сыныптардың бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
Оқушы 10-сынып немесе 11-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.