Тоқсандық баға 50% де 50% пайыздық қатынасында бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде қойылады. Бұл білім алушы тоқсандық бағаның 50%-ын бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері, 50%-ын – тоқсандық жиынтық жұмыстың нәтижелері бойынша жинайтынын білдіреді. Осы екі бөліктің қосындысы тоқсанға қойылатын қорытынды бағаны көрсетеді.
1-сыныпта жылдық баға 3-ші және 4-тоқсандардағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде 50% де 50% пайыздық қатынасында қойылады. Жылдық бағаны есептеу үшін білім алушының бөлімдер/ортақ тақырыптар үшін алған жиынтық бағалауының және тоқсандық жиынтық бағалауының жалпы балдары қосылады. Бұдан әрі оқу жылының балдық пайыздық мазмұны пайыздық қатынаста (50%:50%) анықталады. Бағаларды санау электрондық журналға енгізілген формула бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тоқсандық және жылдық бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан босату олардың келесі сыныпқа көшірілуіне әсер етпейді.
Электронды журналдың формасы кесте түрінде берілген, бұл кестеге білім алушылардың тоқсан барысындағы жетістіктері енгізіледі (бөлімдер бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауының балдары), сонымен қатар балдарды бағаға ауыстыруды қарастыратын шкалаға сәйкес автоматты түрде бағаны санау жүзеге асырылады (тек тоқсан және оқу жылының қорытындысы бойынша) (1-сурет).
Білім берудің барлық деңгейлері бойынша әрбір оқу пәні үшін әр тоқсандағы бөлімдер бойынша жиынтық жұмыстардың саны көрсетілген электронды журналдың өзіндік форматы әзірленген.
1-сурет – Электронды журналдың үлгісі
Мұғалім электронды журналдың келесі тор көздерін толтырады:
1. Мектеп
2. Білім алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туралы мәліметтер берілген баған
3. Білім алушының Т.А.Ә. берілген баған
4. Сынып/литер
5. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды балын енгізу өрісі
6. Бөлім үшін жиынтық бағалау бойынша жиналған балдарын енгізу бағаны
7. Тоқсан үшін жиынтық бағалау бойынша жиналған балдарын енгізу бағаны
8. Мұғалім туралы мәліметтер
9. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары туралы мәліметтер (2-сурет).
2-сурет – Электронды журналдың мұғалімдер толтыруға арналған тор көздері
Төменде жаңартылған білім мазмұны аясындағы білім алушы күнделігінің үлгісі берілген, бұл күнделікте бес күндік оқу аптасына өту ескерілген және алтыншы күн мұғалімнің түсіндірмесін жазуды қарастырған (3-сурет).
3-сурет – Білім алушы күнделігінің үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: |