Сонымен қатар, дене шынықтыру сабақтарын сенбі күндері таза ауада спорттық жарыстар түрінде өткізу және ол жарысқа балалардың ата-аналарын шақыру ұсынылады
Сонымен қатар, дене шынықтыру сабақтарын сенбі күндері таза ауада спорттық жарыстар түрінде өткізу және ол жарысқа балалардың ата-аналарын шақыру ұсынылады. Сабақ уақытында немесе сенбі күндері спорттық жарыстар түрінде өткізілген сабақтар дене шынықтыру мұғалімдерінің жүктемесіне енеді. Егер дене шынықтыру сабақтарын бір параллелдегі сыныптарға әртүрлі мұғалім өткізетін болса, онда бұл сағаттар әрбір мұғалімнің оқу жүктемесіне енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) қызметінiң үлгілік қағидаларының 19-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзылыстарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
Ата-аналар қоғамдастығында адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында инклюзия тәртібінде білім алушы ерекше білім беруді қажет ететін балалар бойынша әр мектептің әкімшіліктері жылына бір рет әр параллель сыныптарда барлық адамдарға бірдей қарым-қатынас жасау қамтамасыз етілетіндігі, алайда денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау қажеттілігі туралы және инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіндіру мақсатында ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты – барлық ата-аналар инклюзивті білім берудің 8 принципін меңгеруге қол жеткізуі: