Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар: Мұғалім оқушылардың жұмыс дәптерін тексергенде келесі тәртіпті ұстанады:
10-11-сыныптарда маңызды деген жұмыстар 2 аптада 1 рет тексеріледі.
Барлық оқушылардың бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмалары тексеріледі. Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ескеру керек: бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмаларын келесі сабаққа дейін тексеру қажет; тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді; оқушылардың бақылау жұмыс дәптерлерін жыл бойына сақтайды.
10-11-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда оқушының жіберген қателерін түзетуде келесі ережелерді басшылыққа алады:
- дұрыс емес пунктуациялық қате сызылады, дұрысы қызыл сиямен үстіне жазылады;
- 10-11- сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және пунктуациялық қателермен қатар грамматикалық және тілдік қателерді де белгілейді;
- 10-11 - сыныптарда шет тілі бойынша оқушы жіберген қатені түзеп, дұрыс әріпті жазады.
Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылында 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Жаңа форматтағы ҰБТ стандартына сәйкес тестілеу тапсырмаларын 40 сұраққа дейін көбейту ұсынылады.
№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектілерін қамтиды.Тест тапсырмаларының саны - 40, жауаптар нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.
Шет тілі бойынша № 2 бақылау жұмысы – 1-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, граматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 балға қойылады.
Шет тілі бойынша № 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 баллға қойылады.
№ 4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанда алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 40, жауаптар нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 балға қойылады «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.
Шет тілі бойынша № 5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 балға қойылады.
Шет тілі бойынша № 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 баллға қойылады.
Шет тілі бойынша №7 бақылау жұмысы – Оқу жылы бойынша барлық оқылған тақырыптарды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 баллға қойылады.