Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері



бет103/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   185
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері
Кемінде 3 шет тілі мұғалімнен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2017-2018 оқу жылында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:

  • жаңа нормативті - құқықтық құжаттарды зерделеу («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-шы қадамы, Балалар құқықтары туралы конвенция, «Еңбек туралы», «Білім туралы» ҚР Заңдары);

  • мұғалім-кеңесшінің, көмекшінің негізгі міндеттерін атқаруда шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті шыңдау;

  • оқытуда жаңа технологияларды қолдану;

  • оқу процесін жаңартылған білім мазмұны жағдайында ұйымдастыру ;

  • шет тілі мұғалімдерінің жеке біліктіліктерін арттыру және өздігінен білім алуы;

  • шет тіліндегі ілгері басқан процестерді зерделеу;

  • оқушылардың білім сапасын артыру үшін шет тілі бойынша оқытудағы электронды дереккөздерді пайдалану.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі, оқу жылы басында жұмыс жоспарында көрсетілген бірқатар міндеттер қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары барлық мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді.Жоспар оқу жылының әр айына құрылып,оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз байланысады. Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесімен, әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен келісіледі. Жоспарда әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының және барлық білім беру деңгейлерінің (бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта) негізгі кезеңдері қарастырылады. Оқу жылына 6 әдістемелік бірлестіктің отырысын өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әр отырысы ақпараттық-танымдық сипатта болу керек: баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен коучингтер.
Әдістемелік бірлестік отырыстарында шет тілі мұғалімдеріне пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
- ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық ісшараларды(әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі;
- пән бойынша олимпиада (олимпиаданың мектепішіндегі өткізілген кезеңінің күні көрсетіледі);
- дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс;
- жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса;
- жас мамандармен жұмыс, тәлімгерді тағайындау. Тәлімгер мен жас маманның жұмысы;
- бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы);
- емтихандарға, байқауларға, семинарларға дайындық;
- кіріс құжаттарымен жұмыс;
- мектепшілік бақылау;
- әкімшілік бақылау;
- біліктілік санатын жоғарлататын немесе растайтын мұғалімдермен жұмыс;
- әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі;
- бірлестік мұғалімдерінің рейтингі;
- мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жыл соңында);
- оқушылар білімдерінің қорытынды аттестаттауы бойынша есеп.
Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілу керек және әдістемелік бірлестіктің отырысында көрініс табуы қажет. Жыл соңында толық жан-жақты есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет