Тәлімгер мен жас маман жұмысы есебі Мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі15,65 Kb.
#121520
түріСабақ
Байланысты:
Тәлімгер мен жас маман жұмысы есебі


Тәлімгер мен жас маман жұмысы есебі Мақсаты: Жас маманның жаңа еңбек ортасына бейімделуін қамтамасыз ету, жаңа еңбек ету ортасы мен оқу орнына деген сүйіспеншілік, құрмет, жас маманға әдістемелік көмек көрсетуді, тәлімгерлер мен ұстаздар арасында байланыс, өзара сабаққа қатысу, жас мамандар үшін дәстүрлі емес ашық сабақтар, семинарлар, тренинг, пікірталас өткізуді жүзеге асырады. Міндеттері:1. Жас маманмен арнайы құрылған жоспар бойынша жүйелі ұйымдастырылған жұмыстарды жүргізу. 2. Оқыту технологиялары, педагог мәдениеті, кәсіби шеберлік, сабақты, сыныптан тыс шараларды, сынып жетекшісінің жұмыстарын жоспарлау, талдау, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін есепке алу және т.с.с. мәселелердің шешімін табу қарастырылады 3. Жас маманның педагогикалық әрекетін сараптау нәтижелері, олардың жоғары оқу орындарында меңгерген теориялық педагогикалық-психологиялық білімдерін, жаңадан келген жұмыс орындағы алғашқы жылында іс жүзінде пайдалануына көмек көрсету. 4. Жас маманның жаңа еңбек ортасындағы алғашқы жылда теориялық білімін сақтап қана қоймай, оны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсету.
Педагогтық мамандықты шыңдауға байланысты жас маманмен жұмысты жетілдіруге байланысты жаңа оқу жылына мынандай міндеттерді жүзеге асыруды басшылыққа алдық:
ҚР Білім туралы заңын жүзеге асыру.
ҚР Білім беру стандартына сәйкес шәкірттерге сапалы білім беру.
Ұлттық жағдайда оқу – тәрбие процесін үздіксіз жетілдіру. Заман талабына сай шәкірттер мен ата-аналардың сұраныстарына орай оқу жоспары мен бағдарламасына өзгерістер енгізу, дамыту.
Инновация мен жаңашыл мұғалімдер тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу. Саралап оқыту әдістері мен формаларын одан әрі дамыту.
Шығармашылық топ жұмысын жүргізу. Оқытудың жаңа технологияларын үнемі оқу.
Дарынды оқушылардың қабілетін шыңдау, олимпиадалар мен ғылыми–практикалық конференцияларға жыл бойы дайындауды ұйымдастыру.
Жас ұсатаздың кәсіптік қызмет картасы мынадай.
1) Біліктілігін көтеруі (курстар, семинарлар,т.б.)
2) Кәсіптік табыстары рейтингісінің жылдар бойынша өсуі.
3) Әдістемелік жұмыстары.
4) Кәсіптік жаңашылдық қызметі.
5) Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алуы, төзімділігі, адами-рухани, психологиялық сапалары, қарым-қатынас шеберлігі.
6) Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары.
7) Қоғамдық педагогикалық қызметі.
Осындай кесте әрбір жас маманның нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола алады.




Жұмыс мазмұны

+Меңгергені

1

Бағдарламаны талдау бойынша

+

2

Күнтізбектік жоспар бойынша

+

3

Құжаттармен жұмыс бойынша

+

4

Күнделік кз. жұмыс

+

5

Сабақ кезеңдерін жоспарлау бойынша

+

6

Қазіргі педагогикалық технологиялар

+

7

Сабақты талдау бойынша




8

Әдістемелік тақырыбы бойынша




9

Өз білімін көтеру бойынша




10

Тәрбие жұмысы бойынша






Ұстаз жетістігінің шыңдалатын жері – сабақ. Сондықтан «Жас ұстаздар» апталығының берері мол. Жас мамандар өзара сабақтарын саралап, талдап, кемшіліктерін ортаға салып, кеңесу арқылы ортақ шешімге келіп, әдістемелік түзету жұмыстарын жүргізеді. Жас мамандардың сабақтарына жиі қатысып үнемі ақыл айтқаннан гөрі сенімділік артып, оқу-тәрбие үрдісінде өтетін барлық іс-шараларға тартып, белсенді қатысуға мүмкіндік беру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет