1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дацйындау.
Қолөнер кәсібі әрбір халықтың мәдениетінің материалдық тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оның тұлға ретіндегі еңбекқорлық, азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынады.
Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады. Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);
- «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).
10-11-сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.