Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет118/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   185
4 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2017-2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сыныптар білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.


Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

  • пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім мен біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);

  • пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша иерарахиясы;

  • білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;

  • білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болу;

  • бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;

  • оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.

Оқу бағдарламаларында оқу пәні бойынша үштілді білім беру іске асыру көзделген. Көптілді оқыту ортасын құру үшін әрбір оқу пәнінің қосатын үлесі жиынтықта үштілді білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тілдерді оқыту негізі коммуникативтік тәсіл болып табылады, ол әрбір оқу пәні әдіс-амалдары – әртүрлі оқу жағдаяттарында білім және дағдыларымен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс пайдалану арқылы білім алушылардың сөйлеу қызметі дамуының жетекші принципі ретінде қарастырылады.
Тілдерді оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.
Мұғалімнің білім алушылардың сөйлеуінің дамуына ықпал ететін, күнделікті жағдайларға жақындастырылған ортаның үлгісін жасауы өте маңызды.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдердің оқу мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді. Мұғалімдер тақырыпқа /оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына болады. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында қабылдана алады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет