Сыныпжетекшілеріне, қосымша білім педагогтеріне жас өлкетанушылар, экологтер мен табиғат танушылар арасында «Болашақтың энергиясы» ұранымен сабақтар топтамасын өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шараны өткізудің формалары алуантүрлі («Жасыл планета», «ЭКСПО – 2017 балалардың көзімен» көрмелері, «ЭКСПО туралы менің көзқарасым» суреттер байқауы, «Ландшафты дизайн», «Екінші өмір», «Туған өлкенің биотүрлерін сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және басқа номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобалары).
Мұндай ісшаралар балаларды жастайынан өзекті мәселелер туралы білім алуларын ғана емес, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді.