Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беретін мектептерде аптаның алтыншы күні (сенбі) тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне 1-сыныптан бастап (2016-2017 – 1 сынып; 2017-2018 – 2, 5 және 7 сыныптар; 2018-2019 – 3, 6, 8 және 10 сыныптар; 2019-2020 – 4, 9, 11 сыныптар) біртіндеп бес күндік аптаны енгізуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) тәрбие процесіне ерекше рөл беріліп отыр, ол білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі барлық педагогикалық процестің бөлігі болуы қажет.
5 күндік оқу аптасына ауысу кезінде білім алушының бос уақыты ұлғаяды. Сенбі күніндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі қосымша білім болуы қажет.
Сабақтан тыс уақытта, оның ішінде сенбі күні балалардың бос уақытын толық қамту үшін пән мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдалану қажет.
Пән мұғалімдері қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды, студияларды, клубтарды жүргізе, сондай-ақ өз бейіндері бойынша сабақтан тыс уақытта танымдық, байқау, ойын-сауық бағдарламаларын, экскурсияларды және басқаларын ұйымдастыра алады. Мысалы, физика пәнінің мұғалімі «Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық үйірмелерін жүргізе алады (көлік, әуе, кеме жане тағы басқа техника түрлерін үлгілеу).
Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пән бойынша мұғалім болып, ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болып қызмет атқарады.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар жалпы орта білім беру ұйымдары мен қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымдары үшін қосымша білім беретін педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылардың қосымша штаттық бірліктерін қарастырады.
Сонымен қатар, сенбі білім алушылардың кәсіптік бағдар күні болып жариялануда: екінші және төртінші сенбілер жоғары оқу орындары мен колледждердің кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуі үшін ашық болады. Осыған байланысты жергілікті арқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретінде балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда:
қауіп-қатер тобындағы жасөспірімдерді қарау үшін қосымша білім беру мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиешілер-тәлімгерлерді бекіту;
аула және мектеп жанындағы клубтарды ашу үшін бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдлану;
балалар туристік базаларын, сыртқа шығу және жаяу өлкетану туристік жаңа маршруттарын және т.б. ашу.