Сонымен қатар, әр тұтынушы өз профилін өзінің деректері ешкімге көрінбейтіндей күйге келтіруді таңдай алады. Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдер қарым-қатынасы үшін біршама қауіпсіз білім беру ортасына а
Сонымен қатар, әр тұтынушы өз профилін өзінің деректері ешкімге көрінбейтіндей күйге келтіруді таңдай алады. Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдер қарым-қатынасы үшін біршама қауіпсіз білім беру ортасына айналдырады.
Тіркеу барысында ЖИН қолдануға байланысты бірқатар мәселелер туындады. Тұтынушының ЖИН-і тіркеу үшін негізгі алаң болып табылмайды. Ата аналарға тіркелу үшін атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын тегін хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап етілмейді. Ата аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана мұғалімдер және мектеп әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады. Сөйтіп, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға арналған, мысалы, Ата-аналар Кеңесі және т.б. ақпараттық бөлімдер пайда болады.