Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет19/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   185
Үш тілде оқыту туралы

Заманауи жағдайда үш тілде білім берудің әдіснамасы алдымен, тарихи және әлеуметтік-педагогикалық алғышарттармен, сондай-ақ лигводидактикалық тұжырымдамалармен анықталады. Алғашқылары:


1) кеңестік Қазақстандағы тілдік жағдай орыс-қазақ (қазақ-орыс емес) қостілділігін тарихи қалыптастырды, сондықтан орыс тілін ана тілі және ана тілінен өзге тіл ретінде оқытудың ғылыми-әдістемелік базасы өте жоғары деңгейде әзірленген;
2) Тәуелсіздікке дейін Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер басым болған және ол мектептерде қазақ тілі оқытылмаған, бұл оның функционалдық белсенділігін дамытудың тежеуші факторына айналды және қазақ тілін (сонымен қатар ана тілінен өзге тіл ретінде) оқыту мәселесіндегі педагогикалық тәжірибенің жетіспеушілігіне апарды;
3) қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы және оның іс жүзіндегі қолданыс деңгейі Типтік оқу жоспарында оқу сағаттарының мөлшерін көбейтуге мүмкіндік берді, дегенмен қазақ тілінің лингводидактикалық аспектілерін теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер бүгінгі күнге дейін жеткіліксіз;
4) Әлемдік экономикаға бірігуге қажетті көлемде оқытуды талап ететін ағылшын тілінің қазақстандық қауымдастықтың лингвокоммуникативтік кеңістігіне белсенді еніп келе жатқаны да, қазіргі кездегі тілдік жағдайды күрделендіре түсті.
Барлық көрсетілген ұстанымдар Қазақстанда тілдердің үштұғырлылығы идеясын енгізудің алғышарты болып, келесі формуламен айқындалды: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Бұл ретте қазақ тілі Қазақстан халқының бірігуінің жетекші факторы болып табылады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бірлік жолында азаматтық бірізділікті қалыптастыру үшін маңызды. Қазақ тілін білу – қазіргі әр қазақстандықтың өзіндік ерекшелігінің кепілі.
Дәл осы идея қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін іздеу қажеттілігін туғызды.
Үш тілде білім берудің негізгі стратегиялық мақсаты – қазақстандықтардың бір уақытта үш мақсатты тілді халықаралық стандартқа сай меңгеруіне қажетті жағдай жасау, нақты айтқанда:
-қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білу, ол азаматтардың үйлесімді бірлесуіне ықпал етеді;
- орыс тілі, қазақ тілімен қатар қолданылатын ресми тіл ретінде;
- ағылшын тілін әлемдік экономикаға бірігу құралы ретінде үйрену.
Білім процесінде барлық үш тіл (екінші және үшінші тілдер, яғни, қазақ тілі (Т2), орыс тілі (Т2), ағылшын тілі (Т3) бәсекелестікте емес, бірлікте дамуы тиіс. Осыған орай, үш мақсатты тілге оқытудың негізгі тәсілдемесі белгіленді.
Ең біріншісі – мақсатты тілдерді деңгейлеп оқыту. Бұл – мақсатты үш тілде оқыту CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері: меңгеру, оқыту, бағалау») деңгейлік оқыту моделіне сәйкес жүргізілетінін және білім жүйесінің барлық деңгейлерінде бірлік, сабақтастық және үздіксіздік қамтамасыз етілетінін білдіреді. Үш тілде білім берудің қазақстандық моделі CEFR-дің аналогы емес, бірақ бұл құжат негізге алынып және оның идеялары мен негізгі ережелері ұлттық білім беру жүйесінің нақты жағдайларына бейімделеді.
Осыған сәйкес мақсатты үш тілде оқытудың деңгейлері төменгідей белгіленген:

5-кесте – CEFR сәйкес үш тілде оқытудың салыстырмалы деңгейлері (Common European Framework of Reference – Шет тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет