Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет70/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   185
Шет тілі
Шет тілі бойынша оқу бағдарламасының құрылымында «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі» пәндерінің базалық мазмұны маңызды аспекті болып табылады. Неміс тілін немесе француз тілін таңдауды ата-аналар мен білім алушылардың қажеттілігі мен сұраныстарын ескере отырып жалпы білім беретін мектептер жүзеге асырады.
«Шет тілі» пәнінің тілдік жүйесі (фонетика, лексика, грамматика), сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым), оқылатын пәннің мәдениаралық қызметі болып табылады.
Негізгі орта білім деңгейіне арналған шет тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2, А2+ деңгейлеріне сәйкестендірілген:
6-сынып – А2+А2 («Бастапқы игерім 1»);
8-сынып – А2-В1 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1»);
9-сынып – B1 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2»).
Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпы еуропалық (А1, А2+, В1)қалыптасу алдындағы деңгейге сәйкес білім алушылардың тіл тасымалдаушылармен мәдениаралық қарым-қатынас жасау коммуникативтік біліктерін дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру.
Бұл кезеңде келесі кезеңдердегідей танымдық процесс шоғырландырыла ұйымдастырылады: берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктивті әрекеттен репродуктивті өнімді әрекетке, кейіннен өнімді әрекетке қарай дамиды.
6-сыныптарда айтылым дағдыларын (диалогтік және монологтік сөйлеу) дамыту үшін репродуктивті және репродуктивті өнімді жаттығулар қолданылады: диалог түріндегі сөзге үлгі-диалогтерді дыбыстау, фразалар, клишелер, идиомалық сөз тіркестері, сөйлеу құрылымы (грамматика), лексикалық бірліктер (лексика) қолданылуы мүмкін. Жаттығулар шығармашылық сипатта болуы мүмкін. Монологтік сөйлеу дағдыларын дамыту тірек сөздер, жоспар, логикалық сызба, ассоциациядан тұратын өнімді, репродуктивті және репродуктивті өнімді деңгейде жүзеге асырылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін жаттығуларды алдымен жазбаша, кейін ауызша түрде орындауға болады.
6-сынып оқушылары «Шет тілі» оқу пәнін игеруде белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді:
- шет тілін меңгерудің уәжін қалыптастыру және «Шет тілі» білім беру саласында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;
- шет тілі оқу құралдары арқылы өзін-өзі таныту мүмкіндігін сезіну;
- өзінің жеке сөйлеу мәдениетін толықтай жетілдіруге ұмтылу;
- мәдениаралық және этникалық қарым-қатынаста коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.
8-9-сыныптарда (А2+В1оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениаралық құзыреттердің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл оқу деңгейінде өзіндік өмірлік тәжірибесі мен оқушылар білімін ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құрау қабілеттерін қалыптастыру қажет.
Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады.
6-сыныптарда лексикалық сөздік қорын қалыптастыру, тілдік емес пәндер бойынша бастапқы терминологиялық түсініктерді әзірлеу ұсынылады.
8-9-сыныптарда лексикалық сөздік қоры кеңейеді, тілдік емес пәндер бойынша терминологиялық түсініктерінің көлемі ұлғаяды.
Шет тілі сабақтарында білім алушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру болып табылады:
- білім алушылар бойында шет тілінің қазіргі адам өмірінде және көп мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет тілін қолдануда мәдениаралық қарым-қатынаста басқа халықтар әлемі мен мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;
- азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриоттық және мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;
- коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігі мен қажеттілік деңгейінде ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді тасымалдаушымен қарым-қатынасқа дайын болуы және коммуникативтік міндеттер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды барынша кең көлемде пайдалану;
- басқа елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыру;
- ауызша және жазбаша қарым-қатынаста шет тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шет тілі пәні мұғалімдеріне:
- оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-, бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);
- шет тілінде сипаттама беру, мінездеме беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс жасау;
- оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушылардың қауіпсіз мәдениетті тәртібін қалыптастыру үшін қауіп-қатер жағдайындағы және түрлі жағдаяттардағы мінез-құлықтары туралы мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады.
Шет тілі бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:
6, 8, 9-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына әрбір сыныпта 68 сағатты құрайды.
Білім алушы дәптерлерінің саны мен түрлері.
Білім алушылардың оқытудағы барлық жұмыс түрлерін орындауы үшін келесі дәптерлер саны болуы керек:
6-сыныптарда шет тілі бойынша сыныпта жұмыс істеуге арналған 2 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда 2 жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған, осыған орай 1 дәптерді жүргізу ұсынылады);
шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптер, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады).
8 – 9 - сыныптарда сыныптағы жұмысқа арналған 1 жұмыс дәптері, шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптері;
бақылау және жазба жұмыстарға арналған 1 дәптер (жыл бойына кабинетте сақталады).
Білім алушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар:
- дәптердің тысы оң жақтағы жоғарғы бұрышына қаланың, мектептің, сыныптың, пәннің атауы мен оқушының тегі, аты шет тілінде жазылып толтырылады;
- дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі;
- ай аты мен күн реті жазбаша толық жазылады;
- міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі;
- мұғалім білім алушының қателері мен түсініктемелерін көрсетіп, бағаны сол жаққа қояды;
- білім алушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен жүргізеді;
- қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте құрғанда және т.б. қолдана алады;
- білім алушыларға дәптерге қызыл сиямен жазуға болмайды;
- сөздіккке сөздер реттік нөмірі бойынша жазылады.
Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар:
Мұғалім білім алушылардың жұмыс дәптерлерін тексергенде келесі тәртіпті ұстанады:

  • 6, 8, 9 -сыныптар, маңызды деген жұмыстарды аптасына 1 рет;

  • сөздіктер: 6, 8, 9-сыныптар – бір тоқсанда 1 рет;

- бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмаларының барлық түрлері барлық оқушыларда тексеріледі.
Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ұстану керек: барлық сыныптардың білім алушыларының барлық бақылау жазба жұмыстарын келесі сабаққа дейін тексеріледі; мұғалім тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді; білім алушылардың бақылау жұмысы дәптерлерін жыл бойына сақтайды.
Мұғалім 6, 8, 9-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда білім алушының жіберген барлық қателерін түзеуде келесі ережелерді басшылыққа алады:

  • орфографиялық қатені сызып, үстіңгі жағына қажетті әріпті жазады;

  • қажет емес пунктуациялық қате сызылады, қажеттісі қызыл сиямен жазылады;

  • 6, 8, 9-сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және пунктуациялық қателермен қатар, нақты грамматикалық және тілдік қателерді де белгілейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет