Ұсынылатынжазба жұмыстарының нормалары Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, 6-сынып оқушысына суреттегі адам туралы бірнеше сөйлем жазуды ұсынуға болады, оқушы осы адамның есімін, тегін мекенжайын және т.б. ойлап жазуы мүмкін. 9-сынып білім алушысына бейнематериал көрсетіп осы бейнематериал бойынша өз пікірін білдіруді ұсынуға болады. Жұмыстың бұл түрін жұмыс дәптерлеріне ресімдеп, жылына 4 рет ұйымдастыру ұсынылады.
Эссе жазуда келесі сөздердің нормаларын (барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып):
6-сыныпта - 40-60 сөз,
8-9-сыныпта - 100-130 сөзді ұсынамыз.