«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым - қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы(1667-1764);
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);
Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80-жыл (1937-2017);
Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325-жылдығы (1692-1770);
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл(1992-2017);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);
«ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі (маусым-қыркүйек, 2017);
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар өткізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ұйымдастыру;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын кіріктірілген сипатқа тән «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.
Оқу процесінде білім алушылардың бүгінгі күнгі өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту; сын тұрғысынан талдау және қоғамдық және құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға көңіл бөлу ұсынылады.
Білім алушының талдау қабілетін, қызығушылығын, дербестігін, жауапкершілігін дамытуға бағытталған оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік түрлері:
білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және т.б. алған білімдеріне сүйену қажет.
Оқыту білімді жүйелі меңгеру, оқыту міндеттерін шешу процесінде мұғалім мен білім алушының бірлескен әрекеті ретінде қызмет етеді. Бұл жерде мұғалімнің қызметі оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқарудан көрінеді.