Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»



бет79/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   185
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Осыған байланысты сабақта білім алушылардың «тарихи тұрғыдан ойлау» білігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді (мысалы, оқытудың белсенді және проблемалық әдістерін, жобалау әдісін, тұжырымдамалық тұрғыдан оқытуды) қолдану қажет.
«Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы білім алушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы қажет.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Дүниежүзі тарихы»бойынша оқу жүктемесі:
6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Адам. Қоғам. Құқық.» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Қолданыстағы оқу бағдарламасына сәйкес Дүниежүзінің және Қазақстанның ежелгі дүние тарихын жүйелі түрде оқу 6-сыныптан басталады. Тарихты зерделеу білім алушыларда адамзаттың өткен тарихи жолы туралы тұрақты білімін қалыптастыру үшін тиімді жағдай жасайтын оқиғалық-хронологиялық деңгейде іске асады. Бұл келесі сыныптарда күрделі тарихи материалдарды, негізгі ұғымдарды жеңіл менгеруге мүмкіндік береді.
Жаңа заман тарихын оқыту 8-сыныптан басталады. Жаңа тарихты оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, тарихи оқиғалар мен жаңа процестерді талдау және салыстыру дағдылары қалыптасады.
«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына байланысты «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов туралы тақырыпты «Алаш» қозғалысы, «Алашорда үкіметі» оның қайраткерлері туралы қосымша мәліметтермен толықтыру ұсынылады.
9-сыныпта «Қазіргі заман тарихы» курсы ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы ең маңызды процестерге, құбылыстарға, ұғымдарға баса назар аудару, адамзат дамуының жалпы бейнесі туралы түсінік қалыптастыруға негізделген.
Сонымен қатар саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуды, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи процестердің пайда болуын түсіну және түсіндірумен ерекшеленеді.
Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М.Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері. «Алаш-Орда» үкіметі бойынша білім беруде білім алушыларды «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдауға; қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау жасауға, ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беруге бағыттау ұсынылады. Білім алушылар қоғамдық сананың рөлін қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдай білуі және оған баға беруі тиіс.
1937 жылғы саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толуына байланысты білім алушыларды 1937 жылдағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдауға бағыттау ұсынылады.
Сонымен қатар, мұғалімге білім алушылармен бірге түрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты мәселелерді және саяси, әлеуметтік, табиғи, экологиялық қауіп-қатер жағдайындағы дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын талқылау ұсынылады.
Тарих сабағында дұрыс құрастырылған сұрақтар маңызды орын алады. Мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.
Тарих сабағында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау кең таралған. Берілген тарихи түсініктер бойынша тапсырмалар білім алушылар тарапынан тек қана себеп пен салдарды анықтаумен шектелмей, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды қатысты (маңыздылық) деңгейі бойынша орналастыруға мүмкіндік беретіндей түрде құрастырылуы қажет.
Білім алушылар белгілі бір тарихи оқиғалардың/ құбылыстардың/ процестердің маңыздылығын анықтай білуге үйренулері қажет. Мұғалімнің білім алушыларға маңыздылық сөзінде қандай мағына жатқандығын түсінуіне қолдау көрсетуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары:

    • түсінікті болуы;

    • саралаудың ескерілуі;

    • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;

    • проблемалық оқытуға негізделуі;

    • бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.

Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.
Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:
- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;
- тұлғалық белгілерін сипаттау;
- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;
- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.
Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады.
Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық түсіндіру қажет. Сонымен бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.
Жоғары сыныптарда түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту үшін оқытудың жаңа әдістері ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және тағы басқалар.
Мысалы: маңызды тарихи оқиғаларды талдауда STEEPLE-талдауы (S–әлеуметтік,T – технологиялық, E – экономикалық, E – қоршаған орта, P – саяси, L – құқықтық, E -этникалық факторлар) және т.б. қолдану ұсынылады. Бұл білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға мүмкіндік береді.
Білім алушылардың мазмұны жағынан мәндес пәндерді оқу кезінде алған білімдерін мақсатты және жүйелі түрде пайдалану дағдысын қалыптастыруда оқытудың кіріктірілген тәсілін қолдану тиімді. Ол үшін оқу процесін ұйымдастыру кезінде сабақтарды әртүрлі пәндерден алынатын мәліметтер бірін-бірі толықтырып, тереңдететіндей түрде жоспарлау ұсынылады. Мысалы, Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіруге болады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Мәңгілік Ел» идеясына сай болуы және Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеуге, қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағытталуы қажет.
Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған жерлерге немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет