Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет81/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   185
«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ


«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемнің музыкалық бейнесін меңгерту, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, музыкалық өнер шығармаларын бағалауда алған білімдерін қолдану дағдысын қалыптастыру, адамгершілік пен Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелеу.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы халық өмірімен байланысы, оның кәсіби композиторлық шығармашылықтағы рөлі туралы білім беру;
- оқушылардың қазіргі замандағы музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамыту, көркемдік талғамын мен музыкалық өнерге құндылық ретіндегі қатынасын қалыптастыру;
- музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білуге үйрету;
- музыкалық өнер арқылы білім алушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
- музыка өнерінің әртүрлі салаларында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс классикалық музыкасының, әлем музыкасының ең озық, қазақстандық заманауи өнер туындыларына негізделген және оқушылардың мәдени, құндылық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
«Музыка» пәні пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, қазақ, орыс тілдері және әдебиет, тарих, бейнелеу өнерімен байланыстарын көрсете отырып, әртүрлі өнер түрлерінің өзара шартты байланысы туралы көзқарас қалыптастырады.
Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципіне байланысты бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділікке сүйене отырып, негізгі тақырыптардың кеңейтілген мәдениеттанушылық деңгейде қайталануын қамтамасыз етеді. Музыкалық білім берудің әдістемесі оқушылардың дербестігін, музыкалық өнерге тұлғалық көзқараспен қарауын, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында еркін пікір алысуын қалыптастыруға бағытталған. Шығармашылық тәсіл оқушының ән айтуы мен аспапта ойнау дағдысын қалыптастырудағы басты әдіс болып табылады.
6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:
- «Сөзбен өрілген саз. Музыка және поэзия»;
- «Музыка және сурет»;
- «Өнер тұлғалары»;
- «Жаңа заманның жаңа әні»;
- «Музыкалық сауаттылық».
Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша бағаланады.
Сабақтың, сабақтан тыс, сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылының күнтізбесіне байланысты атап өтілетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
– Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);
– Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);
– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);
– ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).
«Музыка» пәні бойынша оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, музыка мен ән салуға қызығушылықты қалыптастыруға және оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Музыка» пәні бойынша 6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет