Сабақтың тақырыбы: Әлем назарын өзіне аудартқан қақтығыстар. Көпқұрамды құрмалас сөйлемдер
Мақсаты :9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау; 9.4.4.4. Көпқұрамды құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу.
Ресурстар:
https://www.youtube.com/watch?v=f3rsyPH85kA бейнетаспа арқылы сабақтың тақырыбын ашады. ( Араб-Израиль соғысы // 1-бөлім// Білген дұрыс) , Оқулық «Мектеп» аспасы (90 – бет)
Қақтығыс сөзін қалай түсінесіңдер?
Соғыс
Қақтығыс
1-тапсырма. Неге? Не үшін?деген сұрақтың төңірегінде Араб-Израиль қақтығысының туындау себебін өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.(жауап аудиомен жіберіледі)
2-тапсырма.22-аудиомәтінді оқулықтан оқып, мәтіндегі ойды бес сөйлеммен жазу. (« Мектеп», 2019ж. М.Мамаева, Ж.Мұқашева. 135-бет)
Аралас құрмалас сөйлем туралы қысқаша түсінік
Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалы: Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Үйге тапсырма:Аудиомәтіннен( 135-бет) аралас құрмалас сөйлемдерді тауып, жасалу жолын түсіндіру. Кері байланыс:
орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.