Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ



бет74/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   185
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша 6, 8, 9-сыныптарда пәндерді оқыту ҚР МЖМБС-2012 және 2013 жылғы оқу бағдарламаларымен жүргізіледі және келесі пәндер оқытылады:


6-сынып - «Математика», «Информатика»;
8-9-сыныптар - «Алгебра», «Геометрия», «Информатика».
Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.
Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.
«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен:
- оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;
- математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;
- игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;
- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;
- математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.
«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да АКТ құралдарын қолдануды) білу және түсіну; алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруге (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және алгоритмді құрастыруға) айрықша көңіл аудару керек.
«Математика және информатика» білім саласының пәндерін оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту педагогикалық тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
2017-2018 оқу жылындағы 6-сыныпта «Математика» және «Информатика», 8-9-сыныптарында «Алгебра», «Геометрия», «Информатика» пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі 31-кестеде берілген.

31-кесте – 6, 8-9 сыныптарда математика, алгебра, геометрия және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы.





Сынып

Пән атауы

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы
сағат саны

Бақылау жұмысының нормасы

6

Математика

6

204

14-16

6

Информатика

1

34

6-7

8

Алгебра

3

102

7-9

8

Геометрия

2

68

7-8

8

Информатика

1

34

5-6

9

Алгебра

3

102

8-9

9

Геометрия

2

68

6-7

9

Информатика

1

34

3-4

Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.


Академия мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірледі. Жинақты Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет