Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мектеп В.И.Пацаев ОМ
Мәліметтер қоры
Күні: Мұғалімнің аты – жөні: Баетова Т.Ж
Сынып:9 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ақпаратты іздеу әдістері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме
|
9.2.2.3 – мәліметтерді іздеуді, сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге асыру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Мәліметтер қорынан ақпаратты іздеу, сұрыптау және сүзгілеу әдістерін атайды.
Көпшілік оқушылар:
Ақпаратты іздеп тауып, сұрыптау мен сүзгілеуді жүзеге асыра алады.
Кейбір оқушылар
Күрделі деректерден ақпаратты іздеуді, сұрыптау мен сүзгілеуді шығармашылық деңгейде қолдана алады
|
Бағалау критериі
|
ақпаратты іздеу, сұрыптау және сүзгілеу әдістерін атайды.
Ақпаратты іздеу, сұрыптау мен сүзгілеуді жүзеге асырады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың тілдік мақсаты:
Мәліметтер қорымен жұмыс жасағанда ақпартты іздеу, сұрыптау және сүзгілеу түсініктерін қалыптастырады
Ақпаратқа байланысты термин сөздерді жазу
Форма – Форма – Form
Іздеу – Поиск – Search
Диологтар үшін пайдалынатын пайдалы сөзтіркестер
Ақпаратты іздеу әдісі
Мәтін және сандық сүзгілер қалай қолданылады?
|
Құндылықтарға баулу
|
Ақпараттарды іздеп және оларды сұрыптай отырып, жалпы еңбек қоғамына баулу
|
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын тілі
|
Алдыңғы білім
|
Электронды кестеде мәліметтер қорын құра алады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
|
«Түстер» арқылы сынып оқушыларын топқа бөлемін.
Түстер арқылы топқа бөлудегі мақсатым: сыныпқа психологиялық ахуал орнату. Сыныптағы әр оқушы түстерді таңдай отырып, 3 топқа бөлінеді. (қызыл, сары, жасыл)
І топ: Қызыл түсті
ІІ топ: Сары түсті
ІІІ топ: Жасыл түсті
|
|
5 минут
|
Ширату тапсырмасы
«Сұрақ бізден, жауап сізден» әдісі
Мақсаты: үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, шапшаңдыққа баулу
Нұсқау: үй тапсырмасын пысықтау үшін «Сұрақ бізден, жауап сізден» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.
1.Электрондық кесте дегеніміз не?
2. MS Excel – де жұмыс жасау үшін қолданылатын командалар
3.Дерек көзі
4. Өріс дегеніміз не?
5. Құрылған кестені бұлтқа қалай сақтайды?
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» арқылы бағаланады.
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тақтада берілген суреттер арқылы оқушыларға ой тастай отырып, жаңа сабақтың мақсатын ашу.
|
|
Сабақтың ортасы
10 минут
|
Саралау тапсырмалары
1 – тапсырма
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс «Биопоэма» әдісі (жеке, жұптық, топтық)
Мақсаты: Оқушылардың алғашқы сабақ кезінде бір – бірімен танысу, жан – жақты ақпарат жинақтау, ол ақпаратпен бөлісу.
І. Оқулықтағы мәтінмен танысып, керекті әрі маңызды ақпаратты жазып алады.
Ақпаратты іздеу үшін деректер базасы кестелерінде сүзгі деп аталатын белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын жазбаларды іздей алады.
Мысалы:
1.Сүзгі
2. Сүзгіні ақпарат іздеу үшін қолдана алады.
ІІ. Топта талқылайды:
Ақпаратты іздеу және сүзгілеу жұмысымен байланысты Excel программалық құралдарының қысқаша сипаттамасын саралайды.
ІІІ. Топтар өзара өз ойларымен бөліседі.
Бағалау критериі
|
Дескрипторлар
|
Ақпаратты іздей отырып, сүзгілеу мен сұрыптау жұмыстарын жүзеге асыра алады.
|
Ақпаратты іздеу үшін деректер базасы кестелерінде сүзгі деп аталатын белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын жазбаларды іздей алады.
Ақпаратты іздеу және сүзгілеу жұмысымен байланысты Excel программалық құралдарының қолданысын талқылай алады
Ақпаратты іздеу және сүзгілеу жұмыстарын мақсатына қарай тиімді пайдалана алады
|
Қалыптастырушы бағалау: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы топтық бағалау.
|
Дұрыс келісемін.
Толықтырамын, басқа көз қарасым бар.
Менің сұрағым бар.
|
9 минут
8 минут
|
2 – тапсырма
«Үштік» әдісі бойынша оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу барысында деңгейлік тапсырмаларды орындау. (ойлан, жқптас,бөліс), (топтық жұмыс, жеке практикалық жұмыс)
А деңгейі. «Адасқан әріптер»
рөсі
|
|
омрфа
|
|
текес
|
|
дксине
|
|
гліеүсзр
|
|
спкио
|
|
В деңгейі.
«Әлемдегі қазақтардың саны» деректер базасы кестесі берілген. Осы кестеге іздеуді қолданып, «Бұл сан миллион адамнан асады» деген шартты қанағаттандыратын жазбалардың санын анықтаңдар.
С деңгейі
Деректер базасында ақпаратты іздеу әдістері жұмысты қаншалықты жеңілдетеді? Ақпаратты сұрыптау мен сүзгілеудің кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтаңыз? Практикада қолдану мысалдарын келтіріңдер
Бағалау критериі
|
Дескрипторлар
|
Деректер базасынан ақпаратты іздей алады, сүзгілеу және сұрыптау жазбаларымен жұмыс жасай алады
|
Деректер базасындағы жазбаларды ажыратып, анықтай алады
«Әлемдегі қазақтардың саны» деректер базасы кестесін пайдаланып, жазбалардың санын анықтай алады.
Ақпаратты сұрыптау мен сүзгілеудің кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтай алады.
|
Қалыптастырушы бағалау: «Геометриялық фигуралар» арқылы бағалау. (Жұлдызша – өте жақсы, төртбұрыш – жақсы, үшбұрыш – қанағаттанарлық)
3 – тапсырма.
Сын тұрғысынан ойлау үшін «Диоманта» әдісін қолдану. Ақпаратты сұрыптау мен сүзгілеудің мүмкіндіктері мен пайдасын «Ақпарат» тақырыбында диоманта құру арқылы келтіріңіз.
Нұсқау:
1,7 – жол антоним – зат есімдер
2 – 1 – ші зат есімге 2 сан есім
3 – 1 – ші зат есімге 3 етістік
4 – зат есімді 2 сөз тірскесі
5 – 2 – ші зат есімге 3 етістік
6 – 2 – ші зат есімге 2 сын есім
Бағалау критериі
|
Дескрипторлар
|
Ақпаратты сүзгілеу мен сұрыптаудың мүмкіндерімен папйдасын шығармашылық деңгейде пайдалана алады.
|
Деректер базасындағы жазбаларды ажыратып, анықтай алады
Ақпаратты сүзгілеу мен сұрыптаудың пайдасы мен мүмкіндіктерін біледі.
Диоманта әдісіндегі пайдалы тірек сөздерді қолданады.
|
Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады.
|
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі арқылы жүргіземін.
Бас бармақ – басты мәселеб Бүгінгі сабақтың құндылығы неде болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Менің топқа қандай пайдам тиді?
Ортаң түйрек – ойлау. Мен бүгін қандай пайдалы ақпарат алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Бүгінгі сабақ маған қаншалықты қызық болды? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл – күй ахуалы. Бүгінгі сабақтан алған әсерім?
Үйге тапсырма: Қолданыстағы «Күнделік» деректер базасын дайындаңдар. Ақтөбе қаласындағы барлық оқушылардың «Мекенжай» жолағында іздеу функциялары «Оқушылар» кестесінде көрсетіледі.
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Жаңа білімді оқытудағы деңгейлік саралауды жүзеге асыру құралдарының бірі – деңгейлері әр түрлі тапсырмаларды пайдалану. Бүгінгі сабақ жоспарымда саралаудың әр түрлі тәсілдерін қолдандым.
Саралаудың «Қарым – қатынас форма» тәсілінде.
«Түстер» арқылы сыныпытағы оқушыларды топқа бөлемін.
Диолог және қолдау көрсету тәсілінде.
Үнемі сөзбен қолдау көрсетіп, сабаққа деген ынтасын арттырамын.
Барлық оқушылар «Сұрақ бізден, жауап сізден» әдісінде өз ойларын нақты әрі еркін айта алады.
Дереккөздер тәсілінде. «Биопоэма» әдісін пайдалана отырып (жеке,жұптық,топтық), оқушылар өзара топтық талқылау кезінде ойларын жүйелейді, кейбір оқушылар берген жауапты бақылап, өз ойларын айтады.
Тапсырма (деңгейлік тапсырмалар) тәсілінде.
-«Үштік» әдісі бойынша (топтық жұмыс, жеке практикалық жұмыс) А, В, С деңгейлік тапсырмалар орындауда саралап отырамын.
-Ойтолғау үшін «Диоманта» әдісі арқылы «Ақпаратты іздеу және оны сүзгілеу мен сұрыптаудың мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде қолданады.
Бағалау тәсілінде. Оқушылар үнемі бағаланып отырады.
|
«Сұрақ бізден, жауап сізден» әдісінде бағалаудың «бас бармақ» әдісін қолдандым.
2. «Биопоэма» әдісінде жеке тапсырма орындау барысында «Жапондық бағалау» әдісін қолдандым. (топтық бағалау)
3. «Үштік» әдісі бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындауда «Геометриялық фигуралар» арқылы бағаладым.
4. «Диоманта» әдісі бойынша ой жинақтау мен тұжырымдауда «Ақпаратты сұрыптау мен сүзгілеудің мүмкіндіктері мен пайдасын нақтылауда «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаладым.
Дескриптор арқылы бағалау
|
АКТ- ның қауіпсіздік техникасының ережелерін үнемі ескеру
|