Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі



бет14/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
5. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
79. Білім беру ұйымы оқу-тәрбие (емдеу-тәрбиелеу) мекемесі болып табылады және әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан өз бетімен кетіп қалатын, өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету үшін құрылады.

  1. Білім беру ұйымының негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту

2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың және қоғамға жат қылықтардың алдын алу

3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; 

4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру

5) оқыту және тәрбиелеу процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.



81. Білім беру ұйымы кәмелетке толмаған қыз балалар мен ұл балаларды бөлек орналастыруды қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады. Ер және әйел жынысты тәрбиеленушілердің, сондай-ақ 11-14 жастағы тәрбиеленушілердің жатын корпустарын 15-18 жастағылардан оқшау орналастыру міндетті шарт болып табылады.

82. Білім беру ұйымына кәмелетке толмаған соттың шешімі бойынша бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.

83. Кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымына алу үшін құжаттар жинауды кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

84. Білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар білім беру органдарына қарасты Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (бұдан әрі – КБО) арқылы жеткізіледі.

85. Кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымдарында ұстау шарты Жарғымен, Ішкі тәртіп ережесімен және осы Қағидалармен реттеледі.

86. Білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

87. Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды оқыту және тәрбиелеу олардың жасын және жеке ерекшеліктерін ескере отырып сараланып жүргізіледі.

88. Тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие процесімен және әлеуметтік оңалтумен байланысты емес іс-шараларға тартуға жол берілмейді.

89. Білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің кәсіптік практикасы білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

90. Білім беру ұйымында еңбекке оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу-тәжірибе учаскесінде және қосалқы шаруашылықта кәмелетке толмағандардың жасы мен дене дамуын ескере отырып күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүзеге асырылады.

91. Бітіру емтихандарын тапсырған тәрбиеленушілерге нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі және біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

92. Директор, оның орынбасарлары, педагогтер, тәрбиешілер кәмелетке толмағандардың ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен жүйелі байланысын қамтамасыз етеді.

93. Білім беру ұйымы өзінің қызметі туралы құжаттама мен статистикалық есептілікті Заңға сәйкес жүзеге асырады.  



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет