Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп



бет12/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
3. Түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп қызметінің тәртібі
24. Түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін мектептер (бұдан әрі - Мектеп) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ұсынысына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.

25. Мектептің құрылтай құжаттары қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.

26. Мектептің негізгі міндеттері:

1) жасы отызға жетпеген сотталғандардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді міндетті алуы;

2) отыз жастан асқан сотталғандардың қалауы бойынша жалпы орта білім алуы;

3) кәсібі (мамандығы) жоқ сотталғандардың техникалық және кәсіптік білім алуы.

27. Мектептер білім беру процесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

28. Мектеп қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен айқындалады. Мектептің қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

29. Мектепке негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар білім туралы құжаттардың негізінде қабылданады.

Сотталғандардың білім деңгейін анықтау үшін тестілеу өткізіледі.

30. Қабылдау түзету мекемесінің басшысымен келісілген Мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді. Сыныптарды толықтыру оқу жылы бойы жүргізіледі.

Білім алушылардың міндеттері Мектеп Жарғысымен және Түзету мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

31. Мектепте оқу процесі қолданыстағы Үлгілік оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

32. Мектепте оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, өндірістік кәсіпорынның екі ауысымдық жұмысы кезінде оқу сабақтары екі ауысымда ұйымдастырылады және аптасына 5-6 күн өткізіледі.

Мектепте оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды.

33. Мектепке басшылық жасауды білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалған директор жүзеге асырады.

34. Мектеп директоры түзету мекемесі басшысының келісімі бойынша Мектеп басшысын, педагог қызметкерлерді, техникалық қызметкерлерді тағайындайды және лауазымнан босатады. Оларды тағайындау және босату тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

35. Мектеп директорының, басшының, педагог қызметкерлердің, техникалық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Мектеп Жарғысымен және түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

36. Мектеп директоры мен педагог қызметкерлер Жасақ тәрбиешілері кеңесінің құрамына кіреді, мекеме әкімшілігімен бірлесіп, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарға қатысады.

37. Түзеу мекемесінің әкімшілігі:

1) міндетті жалпы білім беру және кәсіптік оқытуға жататын сотталғандардың есебін жүргізеді;

2) Мектеп әкімшілігінің, педагогикалық қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша мекеме бөлімдері мен қызметтерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

3) Мектептің педагогикалық ұжымына мекеменің сотталғандарды оқыту, түзету мәселелері жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық және әдістемелік құжаттарды зерделеуде көмек көрсетеді;

4) Мектеп қызметкерлерінің мекемеде белгіленген режимдік талаптарды сақтауына бақылау жасайды;

5) Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің аумағында болған уақытында олардың қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды қамтамасыз етеді;

6) Мектепте сотталғандардың сабаққа қатысуларына күнделікті бақылауды жүзеге асырады.

38. Мектептің педагогикалық ұжымы:

1) мекеме әкімшілігімен бірлесіп міндетті білім алуға жататын жасы отызға толмаған және жалпы орта білімі жоқ сотталғандарды толық қамтуды қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді;

2) сотталғандарды ұстау режимінің талаптарын ескере отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін ұйымдастырады;

3) білім алушыларға сабақтарға дайындалуына, өз бетінше білім алу әдістерін меңгеруіне, мекеме әкімшілігіне сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, оларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту жұмысына көмек көрсетеді;

4) мекеме әкімшілігінің алдында оқудағы және тәртіп сақтаудағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу туралы ұсыным жасайды;

5) Мектеп қызметкерлерінің Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген сотталғандармен өзара қарым-қатынасты сақтауын қамтамасыз етеді;

6) оқу-әдістемелік құралдардың, жабдықтар мен басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

39. Мектептің педагогикалық қызметкерлері мен техникалық қызметкерлері Түзеу мекемелерінің қызметі қағидаларының талаптарын бұзған жағдайда мекеме аумағына жіберілмейді.

40. Жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ мектеп орынжайларын ұстауға байланысты шығыстар (коммуналдық қызмет көрсетулер, ағымдағы жөндеу және өзге шығындар), қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеу түзеу мекемелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшылық пен педагогикалық қызметкерлердің, оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, оқулықтарды сатып алу және жеткізу білім беруге көзделген жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет