Бұл сабақтар аясында не туралы сөз болады: Мысалы;
Оқу жоспарының бұл бөлігі оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен негізгі формулаларды білуін, ережелер бойынша жұмыс жасауын, « Сутегі Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бойынша алған білімдерінің сапасын анықтауын қамтамасыз етеді
Пән бойынша оқу мақсаты:
8.4.1.1.Сутектің элемент және жай зат ретінде әлемде таралуы, оның қасиеттері, алыну әдістері жөнінде білім қалыптастыру. 8.4.1.2.Сутектің таралуы және өнеркәсіпте, лабораторияда алу жолдары мен реакция теңдеулері туралы оқып-үйрену әрекетін ұйымдастыру
8.4.2.1. Оттектің физикалық және химиялық қасиеттерін естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы сутегінің қасиеттері туралы жаңа білім береді; 8.4.2.2. Сутегінің қолданылуы жөнінде түсінік беру; 8.4.2.3. Оқушылардың химиялық элемент туралы алған білімдерін толықтыру, есептер шығарту арқылы білімдерін дамыту
8.4.3.1. Тотығу дәрежесі»туралы мағлұмат беру, тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру.
8.4.3.2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, анализ жасау, салыстыру, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдысын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
8.4.4.2. Өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, анализ жасау, салыстыру, қорытынды жасау, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
химиялық элемент, жай зат , күрделі зат, химиялық реакциялар, сапалық құрамы, сандық құрамы, сутектің табиғатта таралуы, сутектіңфизикалық қасиеттері, сутектіңқолданылуы, сутектің алынуы, сутектің химиялық қасиеттері, тотығу дәрежесі, тотығу-тотықсыздану реакциясы
Қысқаша шолу: мысалы;
оқушылар сутегі – химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары туралы білім қалыптастыра алады; сутектің табиғатта таралуы мен алудың бірнеше тәсілдеріне сипаттама береді
сутектің қаситтері, алыну әдістері және қолданылуымен таныстыра алады; химиялық элементтердің тотығу дəрежелері, формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дəрежелерін анықтай алады;тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш туралы түсінік қатыптастыра алады, тотығу-тотықсыздану реакцияларын оқып біле отыра, оны жаза алады.
№
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаттары
Мұғалімнің әрекеті
(Мен нақты не істеуім керек, қандай көмек көрсетемін)
Оқушылардың әрекеттері
(Тапсырма барысында олардың не істегенін қалаймын)
Оқушылардың жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету
(нақты жекелеген (проблемалы, нашар немесе дарынды) оқушыларды жұмысқа қалай тартамын?)
Бағалау (Оқушыларға қалай қолдау көрсетіп (ҚБ), жетістігін қалай бағалаймын (ЖБ)?)
Ресурстар (Бұл үшін маған қандай материал қажет?)
1/1
Сутек - химиялық элемент және жай зат. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.
Барлық оқушылар:
Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастырады
Оқушылардың басым бөлігі:
Сутектің табиғатта таралуы мен алудың бірнеше тәсілдеріне сипаттама береді
Кейбір оқушылар:
Сутектің тірі ағза үшін және жану үрдесіндегі маңызы мен өнеркәсіптегі алу жолдары туралы өздігінен білім алуын қамтамасыз ете алады
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Сергіту сәтін өткізеді. Топқа бөледі. Бағыт бағдар береді топ жұмысын қадағалайды.
Рөлдік жұптармен жұмыс істеу,
Топтық жұмыс
Барлық оқушыға:
Сергіту жаттығулары, топқа бөлу, постер дайындау, мәтін-
мен жұмыс, тілші рөлінде ойнау;
Кеңейтілген тапсырма:
Сутекті зертханада және өнеркәсіпте алу реакцияларының теңдеулерін жазу; Сутектің судағы массалық үлесі
Өзін-өзі, өзара критерий бойынша бағалау,
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағалау; рефлексия парағы.
Алған білімді жинақтайды; тотығу дәрежесі заттардың құрамына кіретін элементтің валенттілік табиғатына байланыстылығын түсінеді;
Оқушылардың басым бөлігі:
Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеуін аяқтап, теңдеуді теңестреді, реакция бойынша талдау жасайды;
Кейбір оқушылар:
Электрондық баланс арқылы тотығу-тотықсыздану реакциясын теңестіру дағдысын қалыптастырады
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Сергіту сәтін өткізеді. Топқа бөледі. Бағыт бағдар береді. Бағалау жұмыстарын жүргізеді.
Топқа нақты бөлініп, өткен сабақ туралы ой қозғап, тәжірибеде қолдану.
Барлық оқушыға:
Сергіту жаттығулары, топқа бөлу,
постер дайындау, жұптық жұмыс парағы,
жеке жұмыс парағы, деңгейлі тапсырма
Кеңейтілген тапсырма:
Реакция теңдеулерін аяқтап, қайсысы тотығу-тотықсыздану реакцияларына жататынын анықтау; Тотығу дәрежесін табуда математикалық теңдеу құра отырып есептер шығару; Күрделі реакцияларда электронды баланс әдісімен коэффициенттерді қою
Бас бармақ әдісі арқылы және, смайликтер, жиынтық бағалар арқылы бағалау.
Таратпа қағаздар, дәптердегі жазба жұмыстары, оқу құралдарымен тұрлі тусті маркерлер.